ЖылғыҚазақстандағыұлт-азаттықкөтерілісі. Көтерілістің шығу себебі



бет13/15
Дата29.12.2021
өлшемі71,51 Kb.
#106241
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЭК Айдос

Тезистер

  • 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.

  • Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды.

  • Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы.

  • 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Ата Заңы – конституция қабылданды.

  • Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды.

  • «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінді.

  • Қазақстан Республикасы – президент басқаратын унитарлы мемлекет.

  • Мемлекеттік үкіметтің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халық өз билігін республикалық референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.

  • Мемлекеттік үкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес және олардың өзара қатынастары негізінде Қазақстан Республикасының конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.

  • Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмірге өзгерістер енді. Бұрынғы уақытта үкімет-қоғам формуласы іс жүзіне асырылса, ендігіде керісінше  қоғам-үкімет негізге алынды.

  • Мазмұндық және құрылымдық жағынан мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерісті басынан кешірді.

  • Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан президент сөйлейді. Қазақстан Республикасы президенті – мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазым иесі.

  • Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

  • Қазақстан Республикасының парламенті – республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган.

  • 1995 жылғы конституция бойынша елімізде заң шығарушы орган – екі палаталы парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс.

  • Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды.

  • Үкіметті президент құрады, ол президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер-министрді парламентпен келісе отырып президент тағайындайды.

  • Премьер-министрдің ұсынысын ескере отырып президент үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады. Республиканың үкімет құрамына  кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады.

  • Қазақстан Республикасында әділеттікті тек сот жүзеге асырады.

  • Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды.

  • Сот билігі органдары: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, сондай-ақ төмен тұрған соттар.

  • Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады

  • Жергілікті өкілетті орган – мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, оны жүзеге асыру шараларын анықтайды.

  • 1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні – дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

  • «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

  • Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет