ЖылғыҚазақстандағыұлт-азаттықкөтерілісі. Көтерілістің шығу себебі


ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы. Мемлекеттікрәміздер



бет12/15
Дата29.12.2021
өлшемі71,51 Kb.
#106241
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЭК Айдос

9. ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы. Мемлекеттікрәміздер.

9. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.

Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа конституция қабылдау керек болды.



Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Ата Заңы  – конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінді.

Қазақстан Республикасы – президент басқаратын, унитарлы мемлекет. Мемлекеттік үкіметтің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халық өз билігін республикалық референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік үкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес және олардың өзара қатынастары Қазақстан Республикасының конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.

Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмірге өзгерістер енді. Бұрынғы уақытта үкімет-қоғам формуласы жұмыс істесе, ендігіде керісінше қоғам-үкімет негізге алынды. Мазмұндық және құрылымдық жағынан мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерісті басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістерге: президент лауазымының енгізілуі; биліктің үш тармаққа бөліну қағидасының қолданылуы; орталық атқарушы органдардың қосалқы функцияларын жою жатты. Мазмұны бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға 1999 жылы өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау, аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды.

Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан президент сөйлейді. Қазақстан Республикасы президенті – мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазым иесі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының парламенті – республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган. 1995 жылғы конституция бойынша елімізде заң шығарушы орган – екі палаталы парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды. Үкіметті президент құрады, үкімет президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер-министрді парламентпен келісе отырып президент тағайындайды. Премьер-министрдің ұсынысын ескере отырып президент үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады. Республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады.

Қазақстан Республикасында әділеттікті тек сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі органдары: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, сондай-ақ төмен тұрған соттар.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілетті орган – мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, оны жүзеге асыру шараларын анықтайды. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасы атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтағы мүдде мен қажеттіліктер дамуын үйлестіре отырып, атқару билігінің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет