Жылқы трипаносомозы



бет1/3
Дата18.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#158859
  1   2   3
Байланысты:
киеңкі Галиева
Химия, Күні 18.01.21ж, тест тарих-2, dcca421d-e09f-4edb-ba0e-1b562ff680ff, ТЕСТ ПО ВАРИАНТОМ пм-02 КЗ (1)

ЖЫЛҚЫ ТРИПАНОСОМОЗЫ

Орындаған: Галиева С.Н

Закария Г.М

Тексерген: проф. Шалменов М.Ш

ЖЫЛҚЫ ТРИПАНОсомозы ЖІКТЕЛУІ

  • Царство: Eycarypta
  • Тип: Euglenozoa
  • Класс: Kinetoplastea
  • Отряд: Zoomastigophora
  • Семейство: Trypanosomatidae
  • Род: Trypanosoma
  • Вид: T.equiperdum

Жылқы трипаносомозы(киеңкі, қарақаптал). Киеңкі немесе қарақаптал жылқы мен есектің және қашырдың Trypanosoma equiperdum деп, аталынатын қарапайым паразит қоздыратын, тек жыныстық қатынас арқылы жұғатын созылмалыауруы. Ауруға шалдыққан жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі зақымдалады.
Киеңкінің қоздырғышы - Trypanosoma equi-perdum, Tryposomatidae тұқымдасына, Zoomastigophora классына жатады. Денесі бұрғы тәрізді, үзындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6мкм. Денесінің орта түсында ядросы, ал оның арт жағында тағыбір кішірек ядросы (кинетопласт) орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас жағында созылыпжатады. Киеңкінің трипанозомасы жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және осы қабықтың қыл тамырларын мекендейді. Трипанозоманың бұл түріне тек қана тақ түяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш жүқпайды. Сондай-ақ, жасанды қоректерде де өсіп, өнбейді. Жыныс мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Паразит денесінен трипанотоксин деген уытты заттар бөлініп шығады. Трипанотоксин қанғатарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді.
Ауру белгілері. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері - ұмасы, қасасы,күпегі ісінеді. Ал биенің желіні, сыртқы жыныс мүшелері жәнеқұрсағының төменгі жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын,жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай түйіндер пайда болып, оларкейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді де, орнында ақшылдақтар (пигментсіз) қалады.
Қынаптан сарғылт түсті қан араласжалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңніңаяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей сырт белгілерібайқалады. Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануытән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және қарынжағында дөңгелек, диаметрі 4-20 см-дей шығырық тәрізді ісіктерпайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктер өздігінен жойы-лып, аздан соң қайта шығуы мүмкін.Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әріасқына түссе, киеңкінің үшінші кезеңі басталады.
Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге)немесе толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйкепарезге шалдыққан жылқының бір құлағы салбырайды, бір жаққабығы түседі, ернінің бір жағы қисаядыМалдың шонданай жүйкесі зақымданса, жүрісі тәлтіректеп,сауыры мен артқы аяқтарының бұлшық еттері семе бастайды.Сондықтан жылқының жүрісі өзгереді, артқы аяқтарын сылтып басады. Белжүйкесі толық зақымданған жағдайда, жылқы артқыаяқтарын баса алмай, ит сияқты отырып қалады. Сол себептен киеңкіні орысша «подседал» деп те атайды. Кейінірек жылқы бөксежағын көтере алмай, жатып қалып бірте-бірте көтеремге айналады да, денесі салданып өліп қалады. Осылай ауырған жылқының 30-50% дейін өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет