Алдын алу және күрес шаралары. Соңғы ветеринариялыққағида бойынша, киеңкіге шалдыққан айғыр-биені, тұқымдыққасиетіне қарамай, дер кезінде сойысқа жібереді. Кейде, өте сирекжағдайда, ауруға күдікті топтағы жылқыларға емдеу шараларынжүргізеді.
Шағылыстыру науқаны қарсаңында жылқыны түгелдей барлықдиагностикалық тәсілдерімен тексеріп, мал ішінде киеңкінің бар-жоғын анықтау керек. Аурудың көмескі белгілері бар жылқыныоқшаулап емдеу орынды. Айғырларды үйірге қосар алдында, сақтық шара ретінде наганинмен 0,01 г/кг мөлшерде егеді. Одан басқа антрицид, трипамидий, неоазидин, батризин және т.б. трипаноцидтік дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, құрал-саймандар зарарсыздандырылады.
Шаруашылықтағы мал басы және ондағы есек, қашыр түгелімен киеңкіге тексерілуі тиіс. Ауруға шалдыққандарын сояды немесе жояды, ал оған күдікті малдарды аралығына 30 күн салып,серологиялық әдістермен екі рет тексереді. Жылқы қанын тексеруді қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанша жалғастыра береді.
Киеңкіден тазартылған шаруашылықтарда, жылқыны шағылыстыру мерзімінің аралығында, жыныс жасындағы барлық мал-ды үш қайтара серологиялық тексеруден өткізеді. Біріншісін -шағылысу кезеңі өткен соң, 1-5 айға кейін, екіншісін - біріншітексеруден 3 ай өткен соң, үшіншісін - екінші тексеруден 1 ай өткен соң жүргізеді.Мал басын киеңкіден тазартқан соң, 1-5 жылдан кейін малдышаруашылықтан шығаруға, сатуға рұқсат беріледі. Жылқы киеңкісі өзінің қауыптілігіне байланысты, Халықаралық эпизоотиялық бюроның есебіне кіреді.