Ыстық ылғалды компресті қою Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.