бет 6/8 Дата 26.01.2022 өлшемі 25,65 Kb. #114805
Байланысты:
Та ырып ан айналысына сер ететін шаралар. арапайым физиотера Салқын компрест і қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері , жергілікті салқындату , ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде , мұрыннан қан кетуде , қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты , бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап , оны сығыңыз.
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз , өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
Достарыңызбен бөлісу: