Жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету Дәрістің жоспары


Техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар



бет2/2
Дата29.12.2021
өлшемі35,97 Kb.
#106647
1   2
Байланысты:
Жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету ДС

Техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар:

- құрал-жабдықтың, түзілімдер мен тетіктердің күйі және тозуы және олардың белгіленген өлшемдерге сәйкестігі;

- қауіпсіздік құрылғыларының және радиобайланыс, тежегіш құрал-жабдық құрылғылары мен автотежегіш құрылғысының, бақылау, өлшеу және сигнал беру аспаптарының, электрлі тізбектердің әрекеттерінің түзулігі.

Төменде көрсетілетін ақаулылықтардың ең болмағанда біреуі бар локомотивтерді, моторвагонды және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға тыйым салынады:

- дыбыс сигналын беруге арналатын аспаптың ақаулылығы;

- пневматикалық, электрлі-пневматикалық, қол тежегіштерінің немесе сығымдағыштың ақаулылығы;

- ең болмағанда бір тартымдық электрқозғалтқыштың ақаулылығы немесе өшіп қалуы;

- қозғалу жетегінің ақаулылығы;

- дизель тоңазытқышы желдеткішінің, тартымдық электрқозғалтқыштың немесе түзеткіш қоңдырғының ақаулылығы;

- автоматты локомотивтік сигнал беруінің немесе қауіпсіздік құрылғыларының ақаулылығы;

- жылдамдық өлшегіштің және тіркегіш құрылғының ақаулылығы;

- поездық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда — "жолаушы — машинист" байланысының ақаулылығы;

- автотіркегіш құрылғыларының ақаулылығы, соның ішінде ағытқыш иін-тірек шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы;

- құмды беру жүйесінің ақаулылығы;

- бағдаршамның, буферлік шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулылығы;

- қамыттағы, серіппегіштік ілінудегі немесе серіппегіштің түпкі табағындагы жарық, серіппегіштік табақтың сынуы;

- букс корпусындағы жарық;

- букстық немесе моторлы-осьтік подшипниктің ақаулылығы;

- құрылымдағы қарастырылған тетіктердің жол үстіне құлауынан сақтандыратын құрылғының жоқтығы немесе ақаулылығы;

- тартымдық тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе омырығы;

- майдың ағуын тудыратын тісті беріліс қаптамасының ақаулылығы;

- жоғары вольтті камераның қорғағыш блоктауының ақаулылығы;

- токқабылдағыштың ақаулылығы;

- өртсөндіру құралдарының ақаулылығы;

- қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктелу және асқын кернеуден қорғау, дизельді апаттық тоқтату құрылғыларының ақаулылығы;

- дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының шығуы;

- қоректендіргіш аспаптың, сақтандырғыш клапанның су деңгейін көрсеткіш аспабың ақаулылығы, паровоз қазанының от қорабының бақылаулық тығынынан су ағуы;

- электржабдығының қорғағыш қаптамаларының жоқ болуы;

- гидродемпферлердің, шоғырлағыш батареясының ақаулылығы.

Локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам жыл бойы пайдаланылуы кезінде (көктемде және күзде) "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес комиссиялық тексеруден өтуі тиіс.

Локомотивтік, сондай-ақ моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда орнатылған қауіпсіздік және поездық байла-ныс құрылғылары бақылау пунктінде осы құрылғылардың жұмысын тексе-ре және реттей отырып мерзімді түрде тексерілуі тиіс.

Мұндай бақылау пункттері негізгі деполарда, арнайы жылжымалы құрамға арналған деполарда, ал қажет болғанда локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету және олардың айналымы пунктерінде болуы тиіс.

Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда орнатылған манометрлер және сақтандырғыш клапандар пломбылануы тиіс, ал паровоздардың қазандарындағы бақылаулық тығындардың таңбалары болуы тиіс. Электровоздарда және тепловоздарда, сондай-ақ электр энергиясының және отынның шығындалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптар пломбылануы тиіс.

Электровоздардағы, тепловоздардағы және моторвагонды жылжымалы құрамдағы электрлік қорғаныс құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру автоматикасы, локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамдағы манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары және локомотивтердегі бу қазандары белгіленген мерзімдерде сынақтан және куәландырудан өткізілуі тиіс.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бригадасының құрамы осы арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару үшінқызметкерлер бөлінген жағдайда және көліктік режимде қызмет көрсете алатын жағдайда ғана оның типіне және арналымына байланысты белгіленеді.

Электрлік және тепловоздық тартым кезінде бір локомотив оригада-сы бірнеше локомотивтерге немесе бір кабинадан басқарылатын тұрақты түрде бір-біріне қосылған секцияларға қызмет көрсете алады.

Шығару, беру, диспетчерлік, шаруашылықтық және басқа жұмыстар түрлерінде, маневрлік жұмыстарда пайдаланылатын, ұзақ еңістері және өрлері жоқ азәрекетті телімдердегі жүк қозғалысындағы локомотивтерге, сондай-ақ электр поездары мен дизель-поездарын қоспағанда жолаушы қозғалысындағы локомотивтік тартымдағы поездық локомотивтерге бір машинистің қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі.

Деполық жолдарда және кәсіпорындар жолдарында жұмыстық күйіндегі локомотивтерді, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды оларға қызмет көрсету ережелерін білетін және оларды қалай тоқтатуды білетін қызметкерлердің бақылауынсыз, ал қалған станциялық жолдарда - машинистсіз немесе оның көмекшісінсіз қалдыруға тыйым салынады.

 Қатты отынмен істейтін әр паровозда жарамды ұшқынұстағыш немесе ұшқын өшіргіш аспаптары болуы тиіс.

Вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу

Вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жүк және жолаушы деполарында және зауыттарда жүргізіледі.

Арбашаның екі жағынан сырғығыштар арасындағы жиынтық саңылау ЦНИИ-ДВЗ типті хоппер-мөлшерлегіштерді қоса төртосьті жүк вагондарының барлық типтерінде көмір, ыстық агломераттарды, апатит-терді тасымалдауға арналатын, саңылаулары ары кеткенде 12 мм және кем дегенде 6 мм болуы тиіс хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 хоппер-мөлшерлегіштерінен, ВС-50 думпкарларынан басқа ары кеткенде 20 мм және кем дегенде 4 мм болуы, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 думпкарларында ары кеткенде 20 мм және кем дегенде 12 мм болуы тиіс.

Ақаулылықтары бар және техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды жүк тиеуге және адамдарды отырғызу үшін беруге тыйым салынады. Олардың жарамды деп танылғаны туралы арнайы журналға жазба енгізілуі тиіс.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда жүк тиеуге қойылатын бос вагондар, сондай-ақ осындай станцияларда қосарланған операциялар үшін пайдалануға белгіленген жүк тиелген вагондар тексері-луі тиіс, ал қажет болған жағдайда тиеу станциясының алдында орналасқан ең жақын қызмет көрсету пунктінде жөнделуі тиіс.

Вагондарды техникалық қызмет көрсетуге ұсынудың және олардың жарамдылығы жөнінде хабарландыру тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

Қалыптастыру және тарқату станцияларында, жолда келе жатқанда — поездар қозғалысының кестесінде қарастырылған станцияларда поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өтуі, ал ақаулылығы анықталғанда - жөнделуі тиіс. Бұл станцияларда вагондардың ағытпай жөндеуін ұйымдастырады.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда әр вагон поезға қосылуының алдында тексерілуі және техникалық қызмет көрсету пункті бар ең жақын станцияға дейін жүріп жетуі үшін әзірленуі тиіс.

Поездарды техникалық қызмет көрсетуге ұсынудың және олардың әзірлігі жөнінде хабарландыру тәртібін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда вагондарды поезға қосудың алдында тексеру және жөндеу тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

Жүк және жолаушы вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлері вагондарға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді технологиялық процеске және поездар қозғалысының кестесіне сәйкес дер кезінде жүргізуі тиіс.

Қозғалыс қауіпсіздігі үшін және вагондардың «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілеген кепілді телім шегінде поезд құрамында жарамды күйінде жүріп өтуі үшін жауапкершілік аталған пункттердің қызметкерлеріне жүктеледі.

Жүк поездарына арналған кепілдік телімдер локомотивтер айнала-тын телімдердің ұзындығына, автотежегіштердің толық сынауын жүргізу қажеттілігіне, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсетілуіне және оларды коммерциялық тексеруге байланысты белгіленеді.

Жолаушы поездары құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналуы станцияларының қызметкерлері жолаушы вагондарының поезд құрамында қалыптастыру және айналым пунктінен поездың тарқатылатын (межелі) соңғы пунктіне дейін қауіпсіз жүріп өтуі үшін жауапты болады.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.       Жөндеу жұмыстарының рөлі қандай?

2.       Жөндеу жұмыстарының  түрлері қандай?

3.       Өздігінен жүретін жылжымалы құрамға  техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу түрлері қандай?



4.       Техникалық қызмет көрсету кезінде қандай тексерулер жатады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет