Бұл құбырлы жылуалмастырғыштардың конструкциясы бір құбырлық торға пісірілген U-тәрізді құбырлардан тұрады.Құбырдың иілген бөлігі корпус ішіндегі бұрылмалы қалқаншаларға еркін тіреледі.Мұндай конструкцияның артықшылығына құбырды ұзындығы бойынша кеңейту жатады,ол құбыр температурасының көп мөлшерде төмендеуі кезінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Құбырларды тазарту үшін корпустан құбырлық секцияны шығару қажет.Тазарту тек химиялық тазарту жолымен жұзеге асады.
U-тәрізді құбырлы жылуалмастырғыш
Латын әріпі U-тәрізді иілген құбырлар түйіннен тұрады.Ұштары құбырлық торға бекітілулі құбырлардың корпусқа тәуелсіз еркін ұзаруын қамтамасыз етеді
Құбыраралық кеңістігінде бөгеттері бар қаптамақұбырлы жылуалмастырғыштың құбырлы түйіні
Сусепкіш жылуалмастырғыш
Сусепкіш жылуалмастырғыштар негізінен сұйықтықтарды, газдар немесе конденсация буларын салқындату үшін қолданылады. Сусепкіш жылуалмастарғыш бір бірімен өзара калачтармен (1) байланыскан бір біріне тіке орналасқан змеевикті білдіреді. Құбыр сыртынан сумен суландырады, одан змеевиктің жоғарғы құбыры арқылы салқындатқыш суды біркелкі науашаға(желоб)(3) жібереді. Пайдаланылған су суды жинауға арналған астауға(4) жіберіледі. Құбырлар арқылы салқындатылған жылутасымалдағыш өтеді.
Артықшылықтары: 1)оңай құрылады және бағасы төмен 2)құбырғылардын сыртқы қабырғаларын тазарту жеңіл 3)суды буландыру бөлегінін есебіндегі жылу алмасу интенсификациясы 4)салқындатқыш судың аз шығыны (басқа типті тоңызытқыштармен салыстырғанда)
Кемшіліктері: 1)буланған судың қайтымсыз шығыны және ауанын ылғалдануы 2)су сепкіш жылуалмастырғыштың қолайсыз үлкендігі 3)құбырлардың бірқалыпты емес сулануы (төменгі қатары аз суланады және жылуалмасуға қатыспайды)