27
Олар тегіс немесе иректелген металл беттерден немесе тордан, шойын немесе
керемикалық шарлардан жасалады. Жылуалмастырғыштың көлденең қимасы
әрқашан өзгеріп тұратын үш бөлікке бөлінген: біреуінен жылу ауа (газ) өтеді,
екіншісінен қыздырылатын ауа өтеді, ал үшінші кішігірім бөлігі үрлегіш
камера, шлюз ретінде жасалады, одан ластанған ауа (газ) әкетіледі.
Толтырмалар біресе ыстық, біресе суық ауамен (газбен) алмастырылып
отырады. Нәтижесінде жылу бетке аккумуляцияланып салқын денеге беріледі.
4. Рекуперативті ауа қыздырғыштарды қолдану.
Рекуперативті пайдаға асырғыш – бұл бір жылутасымалдағыштан
жылуды екінші денеге оларды бөліп тұрған қабырға арқылы беруге арналған
жылуалмастырғыш.
Ауақыздырғыштар жылутасымалдағыштың жүрісіне байланысты
тураағынды, қарсыағынды және қиылысатын болып үшке бөлінеді, ал
құрылымы бойынша пластиналы және құбырлы болады. Пластиналы
жылуалмастырғыштар жазық немесе қуыс каналдар түзетін пластиналардан
(үшбұрыш, U- немесе П-типті профильді) құрастырылады. Құбырлы
ауақыздырғыш вертикаль құбырлардың шоғырынан қабығымен бірге
параллелепипед тәрізді жасалады. Құбырлардың ішімен суық ауа, ал құбыр
аралық қуыстардан ыстық дене өтеді.
5. Түтін газдарының жылуын қолдану.
Түтін газдарының жылуын отынды жағуға берілетін ауаны қыздыруға
қолдану арқылы отын шығынын азайтуда қолданылатын шаралардың бірі.
Қызған ауа ауақыздырғыштан кейін қондырғыдағы материалдың қызуына да
әсер етеді, нәтидесінде химиялық кем жану азаяды.
6. Ауаны түйістіргіштік қыздырғыш.
Кезкелген технологиялық қондырғының салқындатқыш жүйесінен
шыққан ыстық су негізгі құбыр арқылы градирняға беріледі, бұнда ол
салқындап кері қайтарылады. Ыстық судың бір бөлігі негізгі құбырдан
ауақыздырғышқа өтеді. Сыртқы ауа алдымен градирняда қыздырылып, содан
кейін ауақыздырғышқа беріледі де кептіріледі.
7. Жылулық сорғыларды қолдану арқылы төмен потенциалды ауаның
немесе конденсаттың жылуын пайдаға асыру.
Достарыңызбен бөлісу: