52
Үш контурлы сұлба көп шығындарды талап етеді, бірақ реакторды
пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
АЭС-тың жұмыс істеуі жылу электрстанциясынан технологиялық
шарттарымен ерекшеленеді. Олардың негізгі айырмашылығы болып,
жылулық қорек көзінің әртүрлілігі. Жылу электрстанциясында оның рөлін
органикалық отынды жағатын қазандық пеш, ал АЭС-та ядролық отынның
бөліну нәтижесінде ядролық реакторда жылу бөлінеді. Ядролық отын жоғары
жылу беру қасиетіне ие (органикалықтан қарағанда миллион есе көп). Бір
грамм уранда 2,6·10
21
ядро бар, осы ядролардың барлығын бөлгенде 2000
кВт×сағ-қа тең энергия бөлінеді. Осындай мөлшердегі энергияны алу үшін
2000 кг көмір керек. Осыған байланысты атом электрстанциясын пайдалану
кезінде, отынды жеткізу және тасымалдау шығындары өте аз. Бірақта АЭС-ты
пайдаланған кезде, ядролық реактордың жұмыс істеу процесі кезінде отында,
конструкциялық материалдарда, жылу тасымалдағышта үлкен көлемде
радиоактивті заттектер пайда болады. Сондықтан АЭС қызмет етушілерге,
сонымен қатар қоршаған халыққа радиациялық қауіптің потенциалды көзі
болып табылады. Бұл өз кезегінде АЭС-ты пайдаланудың қауіпсіздігі мен
сенімділігіне қойылатын талаптарды арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: