38
бастайды. Қабаттың орнықтылығын бұзған тегеурін жылдамдығы шекті деп
аталады.
Ауаның белгілі бір бөлігі қайнатылған бөліктен «көпіршік» түрінде
өтеді, қабаттың ұсақталған түйіршікті материалын араластырады, нәтижесінде
биіктегі жану процесі қалыпты температурада өтеді, әрі отын толық жанады.
Қайнаған немесе псевдосұйытылған қабаттағы ауа жылдамдығы 0,5÷4 м/c,
отын бөлшектерінің көлемі 3 ÷10 мм, қабат биіктігі 0,3 ÷0,5 м. Ошақ
көлемінің жылулық кернеуі
Q
V
= 3,0 ÷ 3,5 МВт/м
3
.
Қайнаған қабатқа жанбайтын толтырғыштар енгізіледі, олар: ұсақталған
кварцты құм, шамотты түйіршіктер және т.б. Қабаттағы отынның
концентрациясы 5% аспайды, және осыған байланысты кез келген отынды
жағуға болады (қатты, газ, сұйық, жанғыш қалдықтар). Жану барысында
қыздырылған қабаттағы жанбайтын толтырғыштардың әсері зиянды газдарда
белсенді болуы мүмкін. Толтырғыштарды енгізу арқылы (доломит, әктәс және
т.б.) күкіртті газды 95% дейін қатты күйге айналдыруға болады.
3.
Отынды ауа тегеурінінденемесе (w
в
≈v
т
) алаулы тураағынды
процесте жағу.
Отын бөлшектері газауалы ағынның ішінде қалқып жүреді және сол
арқылы араласа бастайды, әрі қозғалыс кезінде ошақ көлемінен тыс жерде
жанады. Бұндай әдістің қарқындылығы әлсіз, жану аймағы созылған болады,
әрі тұтану аймағындағы орта температурасы жоғары болу керек, сонымен
қатар, отынның арнайы дайындығын (шаңдандыру және ауамен аралық
араластыру) қажет етеді. Ошақ көлемінің жылулық кернеуі Q
V
≈ 0,5 МВт/м
3
.
4
Достарыңызбен бөлісу: