Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Жылуэнергетикада энергияны үнемдеу



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

Жылуэнергетикада энергияны үнемдеу 
Қолданылатын энергетикалық ресурстың түріне байланысты электр 
станцияларын бірнеше түрге бөледі: жылулық (ЖЭС) – органикалық отын 
жануының химиялық энергиясы қолданылады; гидравликалық (ГЭС) – 
өзендердің энергиясымен жұмыс істейді; атом (АЭС) - атом энергиясы 
қолданылады. Сонымен қатар қуаты төмен геотермалды (ГеоЖЭС), 
желкүштік қондырғылар, күн электр станциялары (гелиоқондырғылар) 
қолданылады. Әзірше теңіз толқындарының көтерілуі мен қайтуы кезінде 
алынатын энергияны өндіретін ГЭС тек жоба түрінде ғана.
Жылуды 
генерирлеуші 
қондырғылардың, 
жанудың, 
жылулық 
баланстың, ошақ камераларының, конвективті қыздыру беттерінің, отын 
шығынының есептік әдістемесін құрастыру жылу генератор жұмысының 
энергия үнемді нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Өндірістік және 
жылулық қазандарда энергияны үнемдеу: жабық және ашық жылумен 
қамтамасыз ету жүйесі үшін қазандықтардың рационалды жылулық сұлбасын 
есептеу және жобалауға; бу және су ысытушы қазандық қондырғылардың 
жұмыс істеуі кезінде энергоресурстарды үнемдеуге; қазандарда суды 
үнемдеуге; заманауи реттеуші, бақылаушы, басқарушы аспаптарды қолдануға; 
қазандарды пайдалануда энергоресурстарды үнемдеуге негізделеді.
5.1 Органикалық отынды жағу әдістері 
 
Егер анықтайтын параметр ретінде отын бөлшектерінің қозғалыс 
жылдамдығына 
T
v
қатысты 
в
w
ауаның қозғалу жылдамдығын алатын болсақ, 
онда осы параметрлер бойынша отынды жағудың төрт түрлі технологиясына 
тоқталамыз.
1.
Отынды тығыз фильтрленген қабатта
(
w
в
>>
v
т

жағу.
Қатты отынның бөлінген бөлшектері үшін қолданылады. Осы 
бөлшектер арнайы шойын торламаға өткізіледі. Отынның қабаты отын 
қабатының орнықтылығы бұзылмайтындай жылдамдықпен үрленеді. Шойын 
торламаның жылулық кернеуі
 Q
R
=1,1 ÷ 1,8 МВт/м
2
.
2.
Отынды қайнаған немесе псевдосұйытылған қабатта
(
w
в
>
v
т

жағу

Ауа жылдамдығын арттырған сайын динамикалық тегеурін, 
бөлшектердің гравитациялық күшіне жетіп, артады. Қабаттың орнықтылығы 
бұзылады және шойын торламаның бетінен бөлшектер жоғары көтеріледі, 
содан кейін бөлшектердің ретсіз қозғалысы арқылы жоғары-төмен қозғала 


38 
бастайды. Қабаттың орнықтылығын бұзған тегеурін жылдамдығы шекті деп 
аталады.
Ауаның белгілі бір бөлігі қайнатылған бөліктен «көпіршік» түрінде 
өтеді, қабаттың ұсақталған түйіршікті материалын араластырады, нәтижесінде 
биіктегі жану процесі қалыпты температурада өтеді, әрі отын толық жанады. 
Қайнаған немесе псевдосұйытылған қабаттағы ауа жылдамдығы 0,5÷4 м/c, 
отын бөлшектерінің көлемі 3 ÷10 мм, қабат биіктігі 0,3 ÷0,5 м. Ошақ 
көлемінің жылулық кернеуі
Q
V
= 3,0 ÷ 3,5 МВт/м
3

Қайнаған қабатқа жанбайтын толтырғыштар енгізіледі, олар: ұсақталған 
кварцты құм, шамотты түйіршіктер және т.б. Қабаттағы отынның 
концентрациясы 5% аспайды, және осыған байланысты кез келген отынды 
жағуға болады (қатты, газ, сұйық, жанғыш қалдықтар). Жану барысында 
қыздырылған қабаттағы жанбайтын толтырғыштардың әсері зиянды газдарда 
белсенді болуы мүмкін. Толтырғыштарды енгізу арқылы (доломит, әктәс және 
т.б.) күкіртті газды 95% дейін қатты күйге айналдыруға болады. 
3.
Отынды ауа тегеурінінденемесе (w
в
≈v
т
) алаулы тураағынды 
процесте жағу. 
Отын бөлшектері газауалы ағынның ішінде қалқып жүреді және сол 
арқылы араласа бастайды, әрі қозғалыс кезінде ошақ көлемінен тыс жерде 
жанады. Бұндай әдістің қарқындылығы әлсіз, жану аймағы созылған болады, 
әрі тұтану аймағындағы орта температурасы жоғары болу керек, сонымен 
қатар, отынның арнайы дайындығын (шаңдандыру және ауамен аралық 
араластыру) қажет етеді. Ошақ көлемінің жылулық кернеуі Q
V
≈ 0,5 МВт/м
3
.
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет