32
берілетін жылуберу коэффициентінің орташа шамасы артады.
Ал аса қызған
конденсацияланғанда жылуберу бірнеше шамаға жоғары болады.
Қайнау
деп қанығу температурасынан жоғары қыздырылған сұйықтың
буға айналу процесін айтады. Қайнау процесі үшін үш шарт орындалуы керек,
олар:
1) Сұйықтың қызуы – сұйықтың қанығу температурасына дейін қызуы
(сәйкесті қысымдағы қайнау температурасы) және одан жоғары болуы.
2) Сұйықтың ішкі көлемінде немесе қабырға жақтауларында көпіршікті
орталардың пайда болуы.
3) Жылудың үздіксіз берілуі.
Қайнаудың екі режимі бар: көпіршікті және қабықты.
Көпіршікті қайнау тәжірибеде жиі кездеседі (бу қазандары, болат
экономайзерлер). Көпіршікті қайнау кезінде көпіршіктер қыздырылған беттің
белгілі бір нүктелерінде пайда болады, бұнда адгезия (беттен сұйықтың
ажырауы) күші төмен болады да, бу көпіршіктері алдымен өлшемі бойынша
ұлғаяды, содан кейін қабырғадан ажырап сұйық қабаттары арқылы бу
кеңістігіне өтеді. Олардың артуы мен қозғалысы нәтижесінде сұйық қарқынды
түрде араласа бастайды. Егер қайнау қозғалмайтын сұйықта орын алса, яғни
үлкен көлемді сұйықта өтсе, онда көпіршіктердің қабырғадан ажырауы
архимед күшінің әсерінен туады. Ал сұйықтың мәжбүрлі
қарқынды ағуы
кезінде көпіршіктердің қабырғадан ажырауы динамикалық ағын әсерінен
туады. Ағын жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, үзілетін көпіршіктердің
диаметрі соғұрлым кіші болады. Егер сұйықтың көп бөлігі қанығу
температурасына дейін қыздырылмаса, онда бу
көпіршіктері аса қызған
қабырғадан
шыққанда
температурасы
төмен
ортаға
түседі
де
конденсатталады. Бұндай процесс
беттік қайнау
деп аталады.
Қайнаудың қабықты режимі екі себепке байланысты пайда болады:
қыздыру бетімен сұйық жанаспайды және қыздыру бетінің жылулық
жүктемесі үлкен болады. Жылуөткізгіштік коэффициенті төмен булық
қабықтың салдарынан қыздырылатын бет пен қайнайтын сұйықтың арасында
термиялық кедергі үлкен болады. Нәтижесінде жылуберу коэффициентінің
шамасы азаяды, ал максималды жылулық жүктеме шекті жылулық жүктеме
q
кр
деп аталады. Қайнау кезіндегі сұйықтың шекті параметрлерінің шамасын
білудің
тәжірибелік мәні зор, мысалы шекті температуралық тегеурін артса
сұйық қайнатқыш қондырғының өндірулігі бірден төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: