18
3.2 сурет – Отындық-энергетикалық ресурстардың түрлері
Жылулық энергия отынды жаққанда немесе күн (немесе т.б.)
энергиясының бір бөлігін тұтынғанда өндіріледі және су буы, ыстық су
түрінде беріледі.
Жылулық энергия жылу желілері арқылы тұтынушыға беріледі.
Желідегі ыстық су температурасы әдетте 90-нан 150
о
С дейін, ал
будың
температурасы 150-ден 250
о
С дейін болады. Желідегі бу мен ыстық судың
қысымы әдетте 16 атмосферадан аспайды.
Жылулық энергияны қолдану аймақтары:
1) тұрғын, қоғамдық және өндіріс ғимараттарын жылумен жабдықтау
үшін (жылуландыру, ыстық сумен қамдау, желдету және ауаны баптау);
2) өндірісте жылулық энергия технологиялық процесстерді жүзеге
асыру үшін (кептіру, буландыру,
айдау және ректификация, сонымен қатар
технологиялық қыздыру, жуу, қайнату, булау және т.б.).
3.2 Біріншілік энергетикалық ресурстар (ЭР)
Біріншілік ЭР
– табиғи ресурстар мен табиғи қалыптасқан көздер немесе
қайта өндеу мен өзгеріске ұшырамаған энергетикалық ресурс (көмір, мұнай,
табиғи газ, ядролық энергия, гидроэнергия). Біріншілік энергия (біріншілік
энергоресурс) – екіншілік энергияға (жылулық, электр, механикалық) түрлене
алады. Біріншілік энергетикалық ресурстарды екіге бөледі:
- жаңғыртылмайтын немесе тауысылатын (органикалық, ядролық,
термоядролық отын);
- жаңғыртылатын (гидроэнергия, жел энергиясы, геотермалды энергия,
торф, термоядролы энергия).Күн, жел, жер асты жылы
сулардың, жер жылуы
энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының
көздерiн кейде э
кологиялық таза энергетикалық ресурстар
деп те атайды.
Жаңғыртылмайтын энергетикалық ресурстар
– бұл табиғи жолмен
қалыптасып,
жер қыртысында жинақталған, әрі белгілі шарттарға сәйкес
өзінде жинақталған энергияны бөлу қабілеті бар денелердің қоры. Оған қазба
отындардың барлық түрлері (көмір, мұнай, газ, торф) жатады, олардың жану
үшін оттегі шығындалады және қолданылатын жылу мен зиянды жану
қалдықтары (газ тәрізді - СО, СО
2
, күкірт қышқылы, азот қышқылы және т.б.,
қатты – шаңтәрізді, қождалған) бөлінеді.
Жаңғыртылатын энергия көздерi
- табиғи жаратылыс процестерi
есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi: күн сәулесiнiң энергиясы,
жел энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейiнгi
қондырғыларға арналған
гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер
асты суларының, өзендердiң, су
айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы
энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр
19
және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн
пайдаланылатын органикалық
қалдықтардан
алынатын
өзге
де
отын.
Жаңғыртылатын
энергия
көздеріндежасанды түрде жинақталатынэнергия болмайды, сондықтан оларды
энергияның бар мөлшеріне дейін қолданады. Жаңғыртылатын энергия
көздерін екі топқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: