3. Адамды дұрыс түсінбеуге, қате қабылдауға себеп болатын факторлар
Қарым-қатынасқа қатысушылардың қызметтік деңгейі, мінез ерекшелігі, тіпті киім киісі мен жүріс-тұрысы, сыртқы көрінісі - барлығы да кей уақытта қателіктерге ұрындырады.
Қате қабылдауға келесі факторлар себеп болады:
Артықшылық (асып түсу) факторы: егер адам белгілі бір көрсеткіштері жағынан екіншісінен басым көрінсе, онда ол адамға барлық жақсы қасиеттер таңылады да, ал керісінше төмен көрінсе кез-келген нашар қасиеттер жапсырылады.