4. Іскерлік қарым-қатынастағы перцепцияны тиімді ұйымдастыру жолдары
Іскерлік қарым-қатынас - қызмет бабындағы адам аралық байланыстарды дамытатын көп қырлы күрделі процесс. Оған қатысатындар белгілі бір мақсатты көздеп, нақты міндеттерді белгілеп алады. Бұл процестің спецификалық ерекшелігі - оның регламенттілігі - ұлттық және мәдени дәстүрлер мен кәсіби этикалық принциптер арқылы анықталатын ережелерге (шектеулерге) бағыну, олардан шығып, асып кетпеу.
Басқа қарым-қатынас түрлерінен айырмашылығы іскерлік қарым-қатынаста мақсат пен міндеттер белгіленеді, оларды шешу және бір нәтижеге жету көзделеді. Іскерлік қарым-қатынасты аяқ астынан үзіп тастауға болмайды, ал достық қатынасты үзуге болады.