Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке
дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
«Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты
(Әдістемелік ұсынымдар)
Уральск 2015
Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беруұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде каралып,облыс педагогтарына таратуға ұсынылды
Хаттама№
Жинақтаған: облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің логопед-мұғалімдері Р.Е. Маселова, Л.Б.Ажгалиева, А.Ж.Ташенова, Н.В.Панова
Рецензенттер:
Лебедева Н.Н.– Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының инклюзивті арнайы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы;
Бауетдинова Ш.К.– МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу,инклюзивті, косымша білімді дамыту және тәрбие бөлімінің әдіскері.
Әдістемелік құралда логопунктте ұйымдастыру жұмыстары бойынша
материалдар ұсынылған. Сөйлеу тілі бұзылған балалар туралы негіздеме, түзету жұмыстың түрлері атап өтілген, логопедтің жұмыс істеген кезінде керек құжаттардың тізімі мазмұнына кіреді. Сонымен бірге күнтізбелік және тақырыптық жоспардың үлгілері, сыныптан тыс сөйлеу шараларын өткізуге ұсынылым берілген.
Әдістемегеқосымша сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға толтырылатын логопедиялық тексеру карталары,логопедтік сабақтардың конспекттеріберілген.
Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептегі мұғалім-логопед, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиешілерге қолдануға болады.
КІРІСПЕ
Сөйлеу – бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана алуы, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарға түсініп жауап беру болып табылады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және күнделікті қарым-қатынаста сөздерді қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Сөйлеу тілінің бұзылуы – мектеп жасына дейінгі және бірінші сынып балалары арасында жиі кездеседі. Егер сөйлеу тіліндегі кемістікті уақытымен түзетпесе, бала бастауыш сынып бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездеседі.
Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеубұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерінде жазу мен оқудымеңгеруге, ал келесі кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық пәндер бағдарламаларын меңгеруге кедергі болады.
Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпымектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындаужағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен дер кезінде өткізілуі,логопед осындай балаларға сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге, соның нәтижесіндетолыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.
Тәжірибеге жүктелетін болсақ, онда жүйелі жүргізген жұмыстың арасында бала тіліндегі кемістіктерді түзетуге болады. Сол себепті, баланың сөйлеу тілін түзету барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер іздестіру, қолдану уақытымен сөйлеу бұзылыстарын жоюға әкеледі.
Қазіргі кезеңде көптеген мектептерде логопедиялық пункттер ұйымдастырылған. Оларда логопед-мұғалімі ана тілде сауатты оқуға, жазуға, емін-еркін сөйлеуге көмек көрсетеді.
Мектептегі логопед-мұғалімнің міндеттері:
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және алғашқы кемістікке байланысты үлгермеуді болдырмау мен алдын алуға жәрдемдесуі;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруі;
3) логопедтік пункттарға баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыруы;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен және сөйлеу қабілеттері күрделі бұзылған балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар поликлиникасының, ПМПК-ның, оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің дәрігер-мамандарымен байланысты жүзеге асыруы;
5) білім беру қызметкерлері, ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізуі, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестер мен ата-аналар (заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;
6) мұғалім-логопедтердің (аудандық, қалалық) әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы;
7) білім беру ұйымының әкімшілігі ұсынатын нысан бойынша жыл сайынғы есепті құрастыруы;
8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы (5 жылда бір рет) және педагогтік қызметкерлер үшін белгіленген тәртіппен аттестатталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |