Логопед жұмысының мұғалім, тәрбиеші, педагог-психолог,
дәрігер, ата-аналармен өзара байланысы
Логопедтің мұғаліммен қатынасы логопедиялық жұмыстыңбарлық кезеңдерінде іске асуы мүмкін: біріншілік тексеруден (сыныпжетекшісі немесе тәрбиешіге нәтижені жеткізу керек) бастапоқушының мектепті аяқтауына дейін. Қажет кезінде мұғалім(тәрбиеші) логопедтің кеңесі бойынша оқушыға белгілі жағдайлар(жазудың бұзылуының күрделі жағдайларында қазақ тілінен бақылаужұмысының жекешеленуі, тұтығатын балаларға тілдік ереженіұйымдастыру т.б.) жасау керек.
Логопунктке қатысатын оқушылардың айту күйі жайлы ақпараталу үшін қандай дыбыс қойылғандығы және оқушыдан дыбыстауданені талап ету керектігі жазылған дыбыстау кестесі қолданылуымүмкін.
Логопедиялық сабақтар аяқталғанда логопед мұғалімге(тәрбиешіге) жеткен дағдыларды сынып және сабақтан тыс уақыттатолық машықтандыруға дейін жеткізу амалдарын айтады.
Логопед сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөйлеумүмкіндіктерін тексеру мақсатымен ана тілі, тіл дамыту сабақтарына(логопедиялық сабақтардан бос уақытта) қатыса алады. Өз кезегіндемұғалімдер мен тәрбиешілер оқушылармен жүргізілетін жұмысжөнінде хабардар болуы үшін логопедиялық сабақтарға қатыса алады.
Логопед бағдарламалық талаптарды, ана тіліне оқытудыңәдістері мен амалдарын жақсы білуі және оларды өз жұмысындаесепке алуы керек. Егер логопед сыныпта өтілетін бағдарламатақырыбына сәйкес дидактикалық материал қолданса, логопедиялық сабақтардың нәтижелігі және алынған дағдыларды оқу үрдісінекірістіру біршама артады.
Бірінші және екінші сыныптарда логопед мұғалімдерге кеңесбереді, фонематикалық қабылдауды дамыту, дыбыстық анализдіқалыптастыру бойынша топтық сабақтарды ұйымдастыруға керекәдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етеді; бұл сабақтарда ерекше мәнаралас дыбыстарды анықтауға және дифференциялауға берілу тиіс.Осы сабақтарды өткізу үшін мұғалімдер логопедиялық жұмыстыңнегізгі принциптерімен және амалдарымен танысуы керек. Сондықтанмұғалімде арнайы білімі болмаған жағдайларда логопедтің көмегі асамаңызды.
Логопед жеке оқушылармен де, топ оқушылармен де сабақөткізе алатын және көрсетілетін тілдік бұзылыстарды, логопедиялықжұмыстың амалдарын түсіндіре алатын педагогикалық семинаржұмыстың ең тиімді түрі ретінде саналады. Логопедтіңмұғалімдермен (тәрбиешілермен) жұмысы басқа да түрде болады:жеке әңгімелесу, ашық сабақтар, әдістемелік бірлестік жиналысындаоқушылардың оқуға түскенде және оқуды бітіргендегі сөйлеуініңжазбасын көрсету, жұмыстың түрлі кезеңіндегі жазбаша жұмыстардысалыстыру.
Логопед оқушылармен тілдік жұмысты ұйымдастырудапедагогтарға көмектесуі керек. Оқушылардың сөйлеу тіліне белгіліталаптарды қосумен қатар мұғалім (тәрбиеші) логопедпен құрылатын«логопедиялық минуттарды» өткізуі тиіс. Тәрбие сағаттарына тілдікойындар қосылуы мүмкін.
Мұғалім (тәрбиеші) белгілі бір мақсат қойып (темпін,анықтылығын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сөздік қорды бекіту т.б.), логопедпен бірге ойын кезінде балалардың эмоционалдыққызығушылығын пайдаланып, оларға керекті талаптар қояды.
Логопед педагог-психологпен тығыз қатынаста болуы тиіс,өйткені педагог-психологтың оқушылармен жұмысы олардың тілдікәрекетінің психологиялық негізін қалыптастыруға көмек тигізеді.
Оқу жылының соңында логопед оқуын аяқтаған оқушылар өзтабыстарын көрсете алатын тілдік іс-шараларды өткізе алады. Бұл іс-шараларға сөйлеу бұзылысы бар оқушылардың барлығы (оқытукезеңіне тәуелсіз) қатыса алады.
Логопедтің мекеме дәрігерімен де қатынасы маңызды. Логопедбұзылысқа сәйкес дұрыс және тиімді түзету жолдарын қарауды табумақсатымен этиологияны және сөйлеу бұзылысының сипатыннақтылау үшін медициналық тексеру нәтижелерімен таныс болуықажет.
Ата-аналар жиналысына қатысу, оларда баланың сөйлеу тілінедұрыс қатынасын ұйымдастыру және үй жұмыстарын орындаудакөмектесу үшін балалармен тілдік жұмысқа қатыстыру логопедтіңата-аналармен жұмысына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |