Шаттық шеңбері
Бақыт деген-осы шаттық шеңбері,
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері.
Бақыт деген-көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін адал жүрек сендегі.
-Жақсы балалар, осындай жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Аузы бар тілі жоқ,
Терісі бар жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Ол не?
-Балалар, кәне барлығымыз экранға қарайықшы, не көріп тұрмыз?
-Балықтар қайда өмір сүреді?
-Балалар балықтардың түрлері өте көп екен.
Олар теңіз астындағы балдырлармен, су асты шөптерімен, теңіздің ұсақ жәндіктерімен қоректенеді екен.
-Балалар біздің Зайсан көлінде сазан, бекіре, шортан балықтары бар екен.
(Балаларға экраннан балықтарды көрсете отырып таныстыру)
Балалар сендер жаратылыс оқу қызметінде балықтың дене құрылысымен таныссыңдар.
Балықтың дене мүшелерін атап беріңдерші.
-Балалар, балықтардың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
-Желбезек, жүзбе қанаттар, қабыршақ.
Алтын балық келеді.
Алтын балық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Алтын балықпын. Менің су патшалығыма сегізаяқ келіп, менің достарымды қорқытып қуып жіберді.Мен жалғыз қалдым. Достарыммен бірге жүргенде ғана сиқырлы күшімді пайдалана аламын. Маған достарымды табуға көмектесіңдерші.
-Сәлеметсіз бе, Алтын балық! Төрлете ғой. Біз сенің достарыңды тауып береміз.
-Балалар Алтын балыққа көмектесейік пе?
-Балалар бір сәтке көзімізді жұмайықшы.
Балалар мынау не?
-Аквариум қандай ыдыстан жасалған?
Ішінде нелер болады?
-Балалар, мен сендерді аквариумда тіршілік ететін балықтармен таныстырайын.Балалар бұл балықтар тек қана аквариумда тіршілік етеді.
Мына балықтың аты-неон. Неонның түсі қандай?
-Ал мына балық-еллоу. Еллоудың түсі қандай?
-Ал мына балық-арован.
-Арованның түсі қандай?
|