Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің көңілді добым
Мақсаты: Ойыншық туралы әңгіме құрастыуға үйретуді жалғастыру.Заттарды қарастыруда олардың түсін пішінін , қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кұрал-жабдықтар: Топтағы ойыншықтар, көңілді доп суреті.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ – жауап, мадақтау, қорытындылау.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Өзім жақсы баламын ,
Ана тілін аламын,
Мейлі қайда жұмсасың,
Бәріне де барамын.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып тәрбиеші мен бірге қайталайды.
|
Ұйымдастырушылқ- ізденістік
|
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар, оларды атап беріңдерші?
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Қыс туралы тақпақтар:
-Қараңдаршы, балалар , мынау не?
-Доп қандай? ( Кішкентай)
-Оның пішіні қандай? (Дөңгелек)
-Ол неге ұқсайды? (Дөңгелек)
-Доп қандай қимыл жасайды?
-Доптың түсі қандай?
-Қандай материалдан жасалған? (Көмекке беру)
-Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз?
-Жарайсыңдар, балалар
-Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағынды жақсы көресіңдер?
-Ал енді мен сендерге тақпақ оқып берейін, сендер тыңдаңдар?
Добым менің,добым менің
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың қутыңдайсың,
Бірақ меннен құтылмайсың.
Сергіту сәті:
Кәне, балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Бір отырып, бір тұрып.
Біз тынығып аламыз.
|
-Кыс мезгілі
-Үш ай бар.Желтоқсан Қаңтар, Ақпан
-салқын болады, қар жауды, далада музболып қатады.
Амина:
Далада қар борайды.
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады,
Райымбек:
Балалар шықты далаға ,
Ойнап ,күліп тұр енді,
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады,
Айман:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды,
Дала аппақ түске енді,
Аралап қайтайық.
-Доп
-Кішкентай
-Дөңгелек
-Секіреді
-Қызыл
-Резеңкеден
-Түрлі ойындар ойнаймыз
Тақпақты мұқият тыңдайды.
Жаттайды
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
-Біз бүгін немен тыныстық?
-Доп қа
ндай екен?
Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қортындылайды
|
Балалардың жауабы тыңдалады
|
Орындайды: Заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тапсырманы;
Түсінеді: өлең мазмұнын
Қолданады: Ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскеліктерін.
«Бекітемін» №22 «Ақбұлақ» балабақшасы МКҚК-ның директоры ________Джаманшалова Г.Н
«___» _____________2015жыл
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйы мдастырылған ашық оқу іс-әрекет
Тақырыбы: «Менің көңілды добым»
Дайындаған: №4 «Ботақан»
Тәрбиешісі. Алпысбаева Қ.С
2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |