Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Айы, күні: 26.10.2015ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып,
сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және
қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: Әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.
Сөздік жұмыс:Тай, тас, тон.
Қостілділік компонент:Сағат-часы
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлерімен жылы лебіздерін білдіреді.
Балаларға жұмбақ жасыру.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу.
|
Балалар бір- бірлеріне жылы лебіздерін береді.
Түлкі
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады.
2. Балалар суретте ненің бейнеленгенін сұрау.
-Ненің суреті?
- Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Т- Дыбысы дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді.
Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату:
«Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы:
Д/ойын: «Т әрпін тап» Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
3. Тіл ұстарту жаттағуын өткізу.
Та-та-та
Ата, берші бата.
4. Дәптермен жұмыс.
Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.
Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.
Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау.
Т әрпін ауада жазу.
Т әрпін бастырып жазу.
Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.
Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.
|
Балалар сөзді құрайды, айтады.
Таудың суреті.
Т дыбысы
та; -ата; - ат.
Тай, тас, тос, тон т.б.
Дидиактикалық ойынды ойнайды.
Жаттауды орындайды.
Дидиактикалық ойынды ойнайды.
Жаттауды орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Буынға бөліп, хормен қайталайды.
|
|
Сергіту сәті.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайысың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға таңбайсың.
|
Сергіту сәтін орындайды.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.
Балаларды мадақтау.
|
Сөздерді ойластырып келеді.
Қуанышты сезімде болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Т әрпіне байланысты сөздер ойлау.
Нені игереді: Сөздерді буынға бөлуге, дәптерлеріне т әрпін жазуға.
Нені біледі:Дәптерлеріне әдемі жазуға.
Достарыңызбен бөлісу: |