Іздену – ұйымдастыр
ушы
|
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін біз гүлдер әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхатқа немен шығуға болады?
Бүгін біз саяхатқа поездбен шығамыз. Поездға отырайық. (интерактивтік тақтада поездың жүру бейнесі көрсетіледі)
Балалар біз гүлдер әлеміне келдік.
Балалардың алдынан гүл ханшайымы шығады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, гүл ханшайымы!
Good morning queen of flowers!
Гүл ханшайымы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен «Гүл ханшайымымын». Мен гүлден жаралғанмын.
-Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме?
-Сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемін.
-Балалар, сендер гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
-Жарайсыңдар, енді мен өзімнің гүлдерімен таныстырамын. Поездға отырып жолға шығайық.
-Бұл қызыл гүлдер алаңы.
Қызыл -красный-red (бірнеше рет қайталайды).
-Қандай қызыл гүлдер білесіңдер?
-Менің қызыл гүлдерімді жел ұшырып әкетіпті, оларды қайта егейік.
-Поездға отырып келесі алаңға барайық.
-Бұл менің сары гүлдер орманым.
Сары -жёлтый-yellow (бірнеше рет қайталайды).
-Сары түсті гүлдерді білесіңдер ме?
-Қараңдаршы, балалар, сары гүлдер де ұшып кетіпті, оларды да егейік.
-Келесі баратын алаң, ол көк түсті гүлдер алаңын.
Көк- синий-blue. (бірнеше рет қайталайды).
-Көк түсті қандай гүлдер бар?
-Көк гүлдерде ұшып кетіпті.
Жарайсыңдар!Ал енді, балалар, мен сендерге ойын дайынп әкелдім. Ойынның аты «Гүлді жинайық»
-Балалар, бұл гүлдерді біз гүл ханшайымына сыйлайық.
-Енді, балалар, біз орманға барамыз, ағаштардың түстерін анықтаймыз. Поездмызға отырайық, жолға шығайық.
-Орманға да келдік, ағаштар жапырақтарының түстері қандай?
-Жарайсыңдар, енді бәріміз бірге айтайық.
Жасыл -зелёный- green. (бірнеше рет қайталайды).
Ағаш:
- Рахмет!
Ғажайып сәт:
Жарайсыңдар, жақсы көп еңбек жасадыңдар. Менің сиқырлы қорапшам бар, оның ішінде сендерге арнап сыйлықтар дайындап қойп едім.
(силықтарды таратады).
Енді мен гүл әлеміне оралуым керек.
(гүл ханшайымы кетеді)
|
Балалар поездың жолына тұрып, жүреді. Балалар аса қызығушылықпен
орындайды.
Балалар:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе,гүл ханшайымы!
-Здраствуйте, царица цветов!
Good morning queen of flowers!
Арсений:
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.
Виктория:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп,
Қанаттарың желбіреп.
Виталий:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
Артем:
Балалар поездға отырып, жүреді.
Раушан,
Қызыл гүл-красный цветок-red (бірнеше рет қайталайды)
Балалар гүлдерді алып гүл ханшайымымен жапсырады.
Балалар поездға отырып, жүреді.
Сары -жёлтый-yellow (бірнеше рет қайталайды)
Иә, білеміз.
Бақбақ,
Бәйшешек.
Балалар гүлдерді алып гүл ханшайымымен жапсырады.
Көк- синий-blue. (бірнеше рет қайталайды)
Балалар гүлдерді алып гүл ханшайымымен жапсырады.
Балалар ойын ойнайды.
Балалар поездға отырып, жүреді.
Жасыл -зелёный- green. (бірнеше рет қайталайды)
.
|