Сергіту сәті:
Балалар, қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.
Балалар: машина, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік , мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ.
Тәрбиеші: Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз? Сендер мына қуыршақтардың өнерін көріп тамашаладындар. Енді сендерде ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме айтып беріңдерші.
Балалар: Иә.
— Нұрасыл айта ғой.
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Еркемай, Мерует
Сылдырмақ - сылдырмақ
Тұрады әр кез сылдырлап.
Сылдырмақ - сылдырмақ
Бір сәт тұршы сыбырлап.
Мұхаммад
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін
Еркенұр
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Жаннұр
Сөйлемейсің сен неге тілін жоқпа қуыршақ
А.Аяулым
Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ж.Арсен
Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
Дана
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
Қ.Арсен, Шапағат
Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Дана
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Үркек қоян сақ қоян
Қаша бесен қалыңға
Қорқағым деп ат қоям.
Мұхаммад, Нұрдулет
Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.
А.Аяулым
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
Аю туралы кім тақпақ біледі.
— Аю қандай? Үлкен, маймақ.
-Аю нені жақсы көреді
-балды
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қоян туралы кім тақпақ айтады?
Ұзын құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы, қырлы жерлермен,
Ытқып,ытқып жүгірді.
— Ал мынау не?
— Қуыршақ.
— Қуыршақ қандай? Әдемі
— Қуыршақты ұстап көрейікші.
— Қуыршақ қатты.
— Қуыршақ туралы тақпақ.
— Ал мынау не? – Доп
— Доптың пішіні қаңдай? Кім айтады?
— Доңгелек.
— Түсі қаңдай? – көк.
— Доп туралы тақпақ білесің бе?
Мұқамбетқали айта ғой.
Добым – добым домала
Балшыққа сен жолама
Бүлдіресін қолымды
Жек көремін оныңды.
Ерасыл .М
-Ал мынау не?( мұнара)
-түстері қандай?(қызыл,сары, көк)
Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.
М.Ерасыл
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін
Кім, тез, шапшаң, дурыс мунараны қурастырады. (2 бала шығару) Кәне балалар осы ойыншақтарға арнап ән айтайық.
Ән: ойыншықтар әні
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар уйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!
Ойыншықтар әлемінде түрлі ойыншықтар өте көп екен.
Сендерге ойыншықтар рахметтерін айтуда. Олар өз өнерлерін көрсетті.
Қыдырәлі мен Қарақат апайларынын сендерге тапсырмасы бар, соны орындасандар. Ұшаққа мінгізіп жіреді екен.
«Дидактикалық тапсырма» « Кім жылдам» сурет құрастыру./машина, доп, қуыршақты киіндіру/
«Ғажайып қоржын» ойын: Бұл не ?/бір- екі баланың көзін жұмып ойыншықтарды ажыратып айту./Ойыншықтар неден жасалады?
Сендерге саяхат ұнады ма?Ойыншықты қалай ұстау керек? Сондықтан күтіп, сыңдырмай ұстау керек.
Тіл ұстарту жаттығуы
Іші толған бөлменің,
Ойыншығым мол менің.
Босқа тізіп қоймайсың
келе ғой дос ойнайық.
Енді өздеріне ұнаған ойыншықтарын бар ма ? Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білдіңдер,Ойыншықтар қандай болады? ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айтыңдар, ойын ойнадындар.Ойыншықтарды сындырмай,ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек. Балалар топтағы ойыншықтар ренжіп қалар, қайтайық. Сендерге көп- көп рахмет
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ойыншықтардың аттарын атауды.
Болу керек: көрнекіліктер, жасалу түрін , ойыншықтар.
Үйрену керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.
Достарыңызбен бөлісу: |