Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Білім саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Ән музыка



Дата28.06.2017
өлшемі10,28 Kb.
#20350
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
  • Білім саласы: «Шығармашылық»
  • Бөлімі: Ән музыка
  • Тақырыбы:
  • «Қазақтың музыкалық аспабы-домбыра»
  • Мақсаты:
  • Балалардың халық аспаптарына деген қызығушылықтарын ояту.аспаптардың түрлерін ажырата білуді үйрету.Ырғақтың қимылдар жасату арқылы тұлғаларын дұрыс қалыптастыру.
  • Күй тыңдату арқылы эсетикалық тұлғаларын,музыканы қабылдау деңгейін дамыту.Әншілік дауысты жетілдіре отырып,әнді сипатына сай мәнерлі орындауға,ән мазмұнына сай ырғақтың қимылдарды соға білуге үйрету.
  • Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар,музыкалық аспап суреттері,үн
  • таспа,СD-дискілер,магнитафон,DVD аппаратурасы,
  • теледидар,аспап-ойыншықтар.
  • Әдіс-тәсілдер:Таныстыру,дауыс-жаттығуы,ырғақты қимылдар
  • орындау,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын ойнау,көрсету,
  • жаттау,тыңдау.
  • Іс-әрекет кезеңдері:
  • 1.Мұғалімнің іс-әрекеті.
  • 2.Балалардың іс-әрекеті.
  • Мотивациялық қозғаушы:
  • Қонақтармен амандасу.
  • Тілек шеңбері:
  • -Балалар,бір-бірімізге,апайларымызғаалақан жылуымен,жүректен шыққан ыстық лебізімізді білдірейік:
  • Аспан түрді түндігін,
  • Жерге сәуле жайылды,
  • Неткен ашық,күн бүгін,
  • Қайырлы таң,апайлар,
  • Қайырлы таң бақшамыз,
  • Қайырлы күн достарым!
  • -Балалар,мен сендерді қандай
  • аспаппен сүйемелдедім?-Баян
  • -Дұрыс,баян аспабы.
  • -Будан басқа аспаптың түрлерін блілесіңдерме?
  • -Штара,барабан,домбыра.
  • -жарайсыңдар,Ал бүгін біз қазақтың басқа да халық аспаптарымен достасатын боламыз.
  • Қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру.
  • 1.Аспаптардың атын білу.
  • 2.ойнау тәсілдерін көрсету.
  • Іздену-ұйымдастыру.
  • Ұзын мойын,екі ішек
  • Қатар-қатар тепкішек,
  • Басып қалсаң бір-бірлеп,
  • Күй шығады күмбірлеп,
  • -Балалар,бұл қандай аспап?
  • -Домбыра.
  • Аспаппен таныстыру.
  • Аспапты тарту техникасын көрсету.
  • Құрманғазы Сағырбайұлы – шебер күйші, композитор. Атырау жерінде дүниеге келген.
  • Дина Нұрпейісова – Атырау жерінде дүниеге келген қазақтың атақты күйшісі. Динаның ұстазы Құрманғазы болған.
  • Музыка тыңдау.
  • «Асқақ құлан»
  • Ертеде ел білген қатал Жошы хан өмір сүріпті.Бір күні оның жалғыз баласы әкесінің тілін алмай,көкерлерін ертіп,аңға шығады.Құлан аулап жүріп,хан баласы ұзақ кеткенін байқамай қалады.Жазық далада бір топ құлан жайылып жүр.Олардың арасында болмайтын киелі құлан бар еді.
  • Хан баласының атқан оғы киелі құланға тиеді.Ол қарсы шауып келіп,баланы теуіп өлтіреді.
  • Хан жүрегі сезгендей
  • «кімде кім баламды өлді »
  • десе,көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын дейді.
  • Хан көкерлері сол елдегі атақты күйшіге келіп,қазаны естіртуін сұрайды.Күйші хан сарайына келіп,күй тартады.Хан болған жағдайды түсінеді.Баласының қазасын естіген хан домбыраның шанағына қорғасын балқытып құйдырады.
  • -Күйші қайғылы хабарды күй тілімен жеткізеді.
  • Ән айту :
  • Домбырасыз сән қайда?
  • И.Нүсіпбаев.
  • Әнді зейін қойып тыңда
  • Әннің мазмұнына көңіл бөл
  • Әнді айтқанджа асықпай түсінікті етіп айт.
  • Домбыра-Қазақтың Ұлттық аспабы.
  • «Қазақ-қзақ емес»,
  • «Нағыз қазақ -домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек.
  • Сергіту:
  • Домбыраны қолға алып
  • Күйшілерше шертейік
  • Әсем әуен сазымен
  • Біз ән айтып берейік
  • Домбыраны қолға алып
  • Күйшілерше шертейік
  • Бишілерше бұралып
  • Дөңгелене билейік
  • Дидиактикалық ойын:
  • «Аспаптарды таниық»
  • Мақсаты:
  • Балалардың есту-қабілетін арттыру.
  • Балалардың аспаптардың үнін
  • танып,дыбысын ажырата білуге үйрету.
  • Шарты:
  • Аспаптарды орындау техникасын меңгеріп,өз беттерінше тартып ойнау.
  • Рефлексивті коррекциялаушы:
  • Жарайсыңдар балалар!
  • Сендер өте өнерлі екенсіңдер!
  • Балалар,аспаптар бізге не үшін керек?
  • - Домбыраға сүйеніп
  • ән айтамыз,
  • би билейміз.
  • Күй тартамыз.
  • Бекіту:
  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
  • Балаларды бағалау.
  • Ендеше мен сендермен қоштасайын.
  • Апайларға рахмет айтамыз.
  • - Сау болыңыз!(хормен)
  • Күтілетін нәтиже:
  • Көрсетілген музыкалық ырғақтың қимылдарды бірге орындауды меңгерді.
  • Аспатардың түрлерімен танысты.
  • Аспаптардың дауыстарын,түрлерін ажырата алады.
  • Орындау ерекшеліктерін меңгерді.
  • Қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы түсінігі қалыптасты;
  • Назарларыңызға рахмет
  • !


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет