Ән үйрену: «Сылдырмақ»
(Е.Хасанғалив, А.Асылбек).
Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді. Не туралы айтылғанын сұрайды. Әннің сөзін үйретіп, екі жолын әнге қосады. Түгел шумақты үйреткен соң, «Шақ-шақ-шақ» деген жерде қолмен ұрады. Әнді түгел үйреніп болған соң, сылдырмақты таратады. Сылдырмақты ырғаққа үйлестіре отырып қимыл жасау. Бәсең жерінде жай ұрып, ширақ жерінде қатты қағу.
«Сылдырмақпен ойын» (Б.Дәлденбай)
Шеңбер жасап, қолдарына сылдырмақ алады. Музыка ырғағына сай сылдырмақты сылдырлатып, арттарына жасырып, шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка аяқталғанда аяқ бүгіп отыра қалады.
|
Балалар өздеріне таныс жемісті атайды.
Балалар мызуканы тыңдайды. Шумағы мен қайырмасы арасындағы айырмашылықты ажырата тыңдауға тырысады.
Өткен сабақтағы әнді еске түсіріп орындайды.
Шеңбер бойында тұрып, қолдарын кезек-кезек көтеріп, аспанда қалықтаған қимылдар жасайды.
Балалар әннің мәтінін қайталайды.
Әуеніне қосылып, бірінші шумақтан соң сылдырмақты жай соғып, екінші шумақтан кейін қатты соғады.
Балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды.
Шеңбер бойымен жүгіреді, сылдырмақты жасырып, аяқтарын топылдатады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |