Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі



Дата25.12.2016
өлшемі32,86 Kb.
#4707
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Наурыз- көктем мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурызкөже, ұлттық ойын түрлері, т.б. туралы айту. Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қазақтың салт-дәстүрі бейнеленген және ұлттық тағам түрлерінің суреті.

Қажетті құрал жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, желім, ватман.

Алдын ала жасалатын жұмыс: Наурыз мерекесі туралы фильмдер көру, суреттер қарау, қосымша әңгіме жүргізу. Шаттық шеңберге байланысты өлең жаттау.

Әдіс- тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері


Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

  1. Педагог балаларды шаттық шеңберге тұрғызады.

  2. Көктем мезгілі, көктем мезгілінде болатын мерекелер туралы сұрақтар қояды.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп.

Киіз үйді құрамыз.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалардан Наурыз мерекесі, оның басқа мерекеден ерекшелігі, Наурыз мерекесінде өтетін ұлттық ойын түрлері мен ұлттық тағамдар, наурыз көже, мереке қонақтары, дәстүрі (ағаш отырғызу) туралы сұрақтар қоя отырып, мағұлмат береді.

Теледидардан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көрсету. Ертегі желісі бойынша қосымша 2-3 сұрақ қояды.




Балалар өткен жылғы Наурыз мерекесін еске түсіріп, өз тәжірибелеріне Наурыз мерекесі туралы көрген бейнетаспалар мен суреттерге сүйене отырып жауап береді.






Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға әртүрлі тағамдардың суреттеін ақ ватманға жапсырып, әңгімелеп беруді, екінші орталықтағы балаларға мазмұны суретке (тақырыпқа байланысты ) қарап әңгіме құрастыру.

Сергіту сәтін өткізу.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, балалардың орталықтағы жұмысын, әрекетін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.


Дәптермен жұмыс.

Ертегі желісі бойынша қойылған сұрақтар арқылы жыл басын анықтайды. Бірінші орталықтағы балалар ұлттық тағамдар суретін іріктеп алып, дастарқан бейнесі салынған ақ ватманға жапсырады және әңгімелеп береді. Екінші орталықтағы балалар суретке қарап, әңгіме құрастырады.

Сергіту сәтінің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Балалар орындарын ауыстырып, бірінші орталықтағы балалар екінші орталыққа, екінші орталықтағы балалар бірінші орталыққа ауысып педагог түсіндірген тапсырма бойынша әрекет етеді.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз – шығыс халықтарының Жаңа жылы, наурыз достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі; наурызкөже пісірілетіндігін, бұлақтар тазартылып, ағаштаротырғызу керектігін, ұлттық ойын түрлерін.

Игереді: дастарқанның басты асы- наурызкөже, Наурыз мерекесіндегі ақсақалдардың батасы және оның ерекшелігі; наурыз айтысы; Ұлыстың ұлы күні адамдардың бір- біріне деген жақсылық тілегі, ұлттық көкпар, күрес, қыз қуу ойындарын.

Меңгереді: Наурыз мерекесіне қалай дайындалу керектігін, ұлттық тағамдар, наурызкөже.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет