« Сәулетай » ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Машықкер: Салық Ахмедби
Күні:10.01.2022
Білім саласы: «Денсаулық»
Бөлімдері:Дене шынықтыру
Тақырыбы:Шаңғыны таяғымен жинап, шаңғыны тасу.
Мақсаты:Шаңғыны таяғымен біріктіріп, қолтықтарына қысып, оқу іс-әрекеті өтетін жерге тасуды үйрету. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту. Таяқтың ілмектерінің атқаратын қызметімен таныстыру; таяқпен серпіліп сырғанай адымдаумен таныстыру.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Кіріспе бөлім
Мотива- циялық- қозғау- шылық
1. Топты бір қатарлы сапқа тұрғызу.
2. Шаңғыны таяқшаларымен жинауды үйрету.
3. Шаңғыны қолтыққа қысып тасу. Шеңбер бойымен жүру.
Тәрбиеші түсіндіріп көрсеткеннен кейін өздері шаңғыны жинап, тізбекпен жүреді.
Негізгі бөлім
Ұйымдас- тыру- шылық- ізденістік
1. Бір қатар сапқа тұру.
№37 сабағының жаттығулар кешенін орындату.
2. Таяқшалардың қызметін түсіндіру:
Шаңғышы таяқшаны сүйену үшін, тепе-теңдікті сақтау үшін және шаңғымен сырғанауда серпілу үшін пайдаланады. Таяқшамен ондағы ілгектерді дұрыс пайдаланғанда ғана жақсы итерілуге болады.
3. Таяқпен серпіліп сырғанай адымдау. Тәрбиеші қалай сырғанауды өзі түсіндіріп тұрып көрсетеді.
4. Алаңда өзіне лайық қарқынмен сырғанап жүру. Екі ұл бала мен бір қыз баланы таңдап алып, барлық топ мүшелеріне сырғанау қимылдарын көрсетуді ұсыну.
Тәрбиеші балалардың әр қимылдарына түсініктеме беріп тұрады.
5. «Допты көршіңе бер» ойыны.
Шарты: ойыншылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңберқұрып тұрады. Шеңбердегі бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі ойыншының әрқайсысының қолында волейбол добы болады (доптардың түсі әртүрлі болғаны дұрыс).
Тәрбиешінің белгісі бойынша ойыншылар допты оңға қарай бере бастайды, мұнда бір доп бір допты қуып жетуі тиіс. Сонымен бірге белгі бойынша бағытты да өзгерту қажет және допты солға қарай дөңгелете жіберу керек.
Балалар таяқшаны қалай дұрыс ұстауды және таяқшамен қалай сырғанау керектігін көрсетеді.
Бұл жаттығуды 3-4 рет орындайды.