Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет11/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
ертегі қмж

Рефлексивті

түзету

Балалар ертегіңі құрастыра алдықпа?

Балаларды мадақтау, бағалау



Балалар жауап берді.


Күтілетін нәтиже:

Білді: Ертегі құрастыруды білді.

Игерді: Сурет салуды, жаттығулар жасауды игерді.

Меңгерді:Ойларын жетілдіруді, еркін ойларын жеткізе білудімеңгерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегілер елінде

Тақырыбы:«Арыстан мен түлкі»

Мақсаты:Шығарманы түсініп тыңдай білуге үйрету. Мәнеріне келтіріп, айту дағдысын қалыптастыру. Халық ертегісіне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру

іздену

Балалар , мен бүгін сендерге» Арыстан мен түлкі» ертегісін айтып берейін.

Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.

Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:

- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:

- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.

Балалар, ертегі ұнады ма? Олай болса, ертегі кеіпкерлері болып, осы ертекті сахналаймыз.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қараймыз

Орнымызды табамыз.


Балалар ертегіні тыңдады

Балалар ертегіні өз мәнінде айта білді.

Балалар сергіту жаттығуын орындады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет