«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Ертекші:
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!
Сіздер 0- сынып оқушыларының қиялынан туындаған « Бауырсақ»
ертегісін тамашалайсыздар.
Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні.
Автор
Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
Кемпір
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Шал
Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Автор
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қоян
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
|