Ұйым-
дастыру
іздену
|
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Феруза
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Санат:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Берекет:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Ғамзат:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Аяулым: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Алмат:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Нұртілек
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді.
Әжей: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз қатығын,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.
Балалар, олай болса дәптерімізді ашып, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін саламыз
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан тоңпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
|
Балалар ертегінің ролдерін сомдады
Тапсырманы орындады
Сергіту жаттығуларын жасады
|