Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата:Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Автор
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Автор
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу
Қиын емес бұл маған !
Түлкі
Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сүр. (қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі).
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма ?
Ертегінің мазмұны не жайында екен ? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
- Бұл ВЕНН тапсырмасы деп аталады. Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады ? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
- Өте жақсы!
- Ал, түлкі ше ?
-Түлкі қу, айлакер.
Достарыңызбен бөлісу: |