Іздену ұйымдастырушы
|
-Сандар қатарына қараңдар. Қандай сан адасып қалды? Карточкадан көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Тура және кері санап көрейік. Міне, бізге тағы бір спортшы келді. Оған қандай нөмірді береміз?
Біздің бүгінгі танысатын тақырыбыз-10 саны. Біз бұл санды оқуды және жазуды үйренеміз. Ол үшін бізге екі цифр қажет. 1 және 0.
10 саны қалай пайда болғанына назар аударыңдар. Оны қалай жаздық?
9 +1=10
Нөл цифры қандай дөп дөңгелек әдемі. Бірақ ол бекер тұрған жоқ. Егер оның алдына 1 цифрын қоятын болсақ, 10деген сан пайда болады.
Тәрбиеші нөл цифрын бірдің артына қойып, былай деп сұрайды:
-Санды жазу үшін неше цифр қолдандық? Қалай ойлайсыңдар, екі цифр қолданып жазған бұл цифрды қалай атайды? Адамның қолында неше саусақ бар?
-Адамдардың қолында 10 саусақ болғандықтан, ертеде бұл санды іріленген бірлік ретінде қолданды?
Тәрбиеші 10 туралы өлең оқып береді:
Күн суықта қолға ап,
Киіп алдым қолғап
Жаурамайды енді
«10» саусағым тоңғақ.
Сондай-ақ 10 санын үшбұрышты пішінге орналастыру арқылы нүктелермен бейнелеп көрсетуге болады.
10 көлеміндегі санамақтарды пайдаланып, сергіту сәтін өткізуге болады.
Содан соң тәрбиеші дәптерді ашқызып № 2 тапсырманы орындатады. Тапсырманы оқып, оны орындатуға уақыт береді.
-Біз бүгін тек жаңа санмен, оның жазылуымен танысып қоймай, есептер де шығаратын боламыз.
Есепті оқиды:
-Менің не айтатынымды тыңдаңдар. Ағаштың бір бұтағында 4 шие, ал екіншісінде 2 шие болды. Барлығы неше шие?
Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мысалды жазамыз: 4+ 2=6
-Бұтақта 8 шие болды. 2шиені жұлып алдық. Неше шие қалды?
-Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мысалы жазамыз:
8 -2=6
Дәптердегі №3 тапсырманы орындаймыз. Есеп құрастырып, оны шығарып, мысалды жазамыз. Мысалды оқыңдар. Оның жазылуындағы әрбір санның, таңбаның нені білдіретінін айтыңдар.
|
Балаларды орындарына ретімен қояды.
Тура және кері санайды.
Жаңа келген спортшының оныншы екеін айтады (9 +1=10), бірақ барлық баоа ол санның қалай жазылатынын біле бермейді.
Ек цифрдан тұратын санның екі таңбалы сан деп аталатынымен танысады.
10 дөңгелекті санап алып, үшбұрыш тұрғызады. Сергіту сәтін жасайды.
Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Нөмірді футболшының кеудесіне жапсырады.
Есептерді шығарып, мысалдарды құрастырады. Есептің мысалдарындағы әр сан мен таңбаның нені білдіретінін түсіндіреді.
|