Ұйымдастырушылық,
ізденушілік
|
-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.
Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.
Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос», «Аурудан аяған күштірек», «Бұл кім?», «Өнер білім бар жұртта» деген шығармалары бар.
«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.
Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:
-Анау өрмекшіні көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,өрмек тоқып жүр.
Ата:
-Анау құмырсқаны көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.
Ата:
-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?
Бала:
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.
Сонда атасы былай дейді:
-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр.Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.
Сенде жұмыс істеуге әдеттенуің керек.
-Балалар,әңгіме сендерге ұнадыма?
-Әңгімеде не туралы айтылған?
-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?
-Балалар,сендер буынға бөле аласыңдар.Әңгімедегі өрмекші,құмырсқа,қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?
-Неше буыннан тұрады?
-Ия дұрыс айтасыңдар.
Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды.
Ата,бала,құмырсқа,өрмекші,қарлығаш дегеннің бәрі-сөздер.
Сөз –буыннан тұрады.
Билингвальды компонент:
Қарлығаш-ласточка
Ата-дедушка
Өрмекші-паук
Құмырсқа-муравей
Сергіту сәті: «Торғай»
Орнымыздан тұрайық,
Торғай болып ұшайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық
Мақал-мәтел жаттау.
1.Еңбек-адамның екінші анасы.
2.Еріншек түске дейін ұйықтайды.
3.Жалқаулық-жаман ауру.
|
Балалар тәрбиешіні ынта қойып тыңдайды.
Оқылған әңгімені мұқият зейін қойып тыңдайды.
-Ия,әңгіме ұнады.
- Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаштың еңбегі туралы айтылған.
-Өте еңбекқор екен.
Балалар қолдарын шапалақтау арқылы буынға бөледі.
-Өр-мек-ші,құ-мырс-қа,қар-лы-ғаш.
-Үш буыннан тұрады
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешімен бірге жаттап алады.
|