Әдіскер:___________ Ж.А.Айтбай
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технокартасы
Желтоқсан
Күні: ___________________________________________
Тобы: Ортаңғы «Балдәурен», «Ақжелкен», «Ботақан»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызмет түрі: Музыка
Оқу қызмет тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Шығарманы аяғына дейін тыңдауға, әуен сипатын анықтай білуге баулу. Аспаптарда еркін ойнап,
игеруге үйрету. Әуенді ойын әрекеттеріне талпындыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Көрнекілік: кішкентай шыршалар, үшбүрыш, металлофон аспаптары, таяқшаға бекітілген жылтырақ
әшекейлер, шырша ойыншықтары.
Сөздікжүмыс: шырша, ұлпа қар, Жаңа жыл.
Оқу іс-әрекет кезеңі
|
Саз жетекшінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
«Шыршажыры» әнінің (Б.Бейсенованың жинағынан)
ырғағына балалардың шеңбер бойымен қол ұстасып жүруі ұсынылады. Ән мәтініне сәйкес қимылдарды үйретіп,
қайталауды сұрайды. Шеңбер бойымен жүруді,
қайырмасында қолдарын екі жаққа созып, аяқтарын
топылдатуды көрсетеді. Жұмбақ жасырып, шешуін
табуды сұрайды.
Өзгертпейді түр-түсін,
Қымбат әркез жұрт үшін.
(шырша)
Ортаға кішкентай шыршаны әкеліп қояды.
|
Әуен екпініне ілесе шеңбер бойымен
қол ұстасып, жеңіл жүреді.
Қолдарын екі жаққа созып, шыршаны
көрсетеді.
Аяқтарын бірге топылдатуға, ырғақпен ілесуге үйренеді.
Жұмбақтың шешуін табады.
Шыршаны көріп, қуанады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |