Музыка үйрену: «Жан сырым» (Е.Өміров, Х.Талғаров) әнін орындап, мұқият тыңдауларын сұрайды. Ән мазмұнын әңгімелеп, сипатын анықтауға ықпал етеді.
Әнді екінші рет орындап, ән әуеніне қосылуды және шапалақпен ырғақты көрсетуді сұрайды. Тағы да ғажайып сандықшаны
ашып, әуенді тыңдатады.
-Балалар, ғажайып сандықша бізді көңілді ойынға шақырады.
Ойын: «Бәсең және көтеріңкі» (Е.Хасанғалиев, А. Асылбек). Ойын шартын түсіндіріп, қуыршақтарды жай, ақырын және ашық-жарқын дауыспен әндете тербетулерін сұрайды.
|
Балалар аспаптарды жинайды, жайғасып отырады.
Сандықшаның әуенін тыңдап, елеңдейді.
Әртүрлі сипаттағы жанрларды тыңдап, ажыратады.
Таныс әуендердің атын атап, суреттерін көрсетеді.
Жаттығуды көңілдене айтады, дауыстары ашылып, ән айтуға дайындалады.
Көңілді әнді тыңдап, мәтінін түсінуге тырысады.
Ән туралы әңгімелеп, өз ойларын білдіреді.
Әнге қосылуға әрекеттеніп, ырғақты шапалақпен көрсетеді.
Балалар ойын шартын ұғынады. Қуыршақтарды алып, жайғасып отырады. Әнді жай және қатты айтып, ойын шартын дұрыс орындайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |