Ұйымдастырудың технологиялық ережелері



Дата25.12.2021
өлшемі38,92 Kb.
#105229
Байланысты:
11.02.2021 Ұйымдастырудың технологиялық ережелері


11.02.2021

Ұйымдастырудың технологиялық ережелері

Дәріс жазу

Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары



1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген телефон байланысы қызметтерін және олармен технологиялық жағынан байланысты қызметтерді ұсынатын барлық байланыс операторларына, абоненттерге және (немесе) осы қызметтерді пайдаланушыларға таралады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

      абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

      биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);

      техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының тұрған жерін;

      деректер беру желісіндегі мекенжайды;

      деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;

      интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;

      деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;

      3) абоненттік желі – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;

      4) абоненттік нөмір – байланыс қызметін көрсету туралы шартты жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы оған басқа абоненттік құрылғыларды жалғаған кезде жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендіріледі;

      5) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      6) аймақтық телефон байланысы – жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған және бір нөмірлеу аймағы шегінде орналасқан пайдаланушы (түпкілікті) жабдығы арасындағы телефон қосылысы;

      7) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректер беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;

      8) байланыс жолдары – тарату жолдары (кабельдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кабельдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар;

      9) байланыс қызметтері (бұдан әрі – телефон байланыс қызметтері) – телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, жеткізу жөніндегі қызмет;

      10) байланыс қызметтерін көрсету – байланыс операторларының байланыс қызметтерін пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлері өнімінің жалпы сыныптауышында келтірілген байланыс қызметтерін көрсетуді қамтитын қызметі;

      11) телефон байланысы қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – телефон байланысы қызметтерін алушы жеке немесе заңды тұлға;

      12) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      13) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторы өзінің телекоммуникация желісінің мүмкіндіктеріне сәйкес телефон байланысы қызметтерін көрсетуге кепілдік беретін аумақ;

      14) биллинг – абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;

      15) есеп айырысу кезеңі – байланыс операторы белгілеген есептік кезең аяқталғаннан кейінгі кезең, абонент осы кезең ішінде көрсетілген тіркелген телефон байланысы қызметтеріне төлем жасайды;

      16) есепке алу кезеңі – күнтізбелік ай, осы кезең ішінде тарифтік жоспарға сәйкес көрсетілген және есептелген байланыс қызметтері және өзге қызметтер;

      17) жалғау желісі – телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс желісі мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;

      18) Жеке кабинет – өз-өзіне қызмет көрсетудің, қызметтерді бақылаудың және басқарудың, сондай-ақ өзге де маңызды заңға қатысты әрекеттерді жасаудың автоматтық интерфейсі бар абоненттің парақшасы, абонент оған пароль енгізу арқылы кіреді. Жеке кабинеттің көмегімен абонент телекоммуникация қызметтеріне жазылып, оны өзгерте алады, көрсетілген қызметтерге ақы төлейді, Жеке кабинеттің функционалдық мүмкіндіктерімен көзделген өзге де әрекеттерді орындай алады;

      19) жергілікті телекоммуникация желісі – елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық деп бөлінеді;

      20) жергілікті телефон байланысы – телекоммуникацияның бір жергілікті желісі шеңберіндегі абоненттер, пайдаланушылар арасындағы телефон қосылуы;

      21) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі – төлеу жүйесі, белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы мынадан тұрады:

      тұрақты құрамдас бөліктен – абоненттік желінің түріне қарамастан оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғауды тарифтеу бірлігінің белгілі бір саны үшін төлемақыдан;

      уақытына қарай құрамдас бөліктен – телефон қосылысы берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай төлемақыдан тұратын ақы;

      22) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі – белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон қосылысының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;

      23) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі – жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;

      24) тарифтеу бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;

      25) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

      26) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;

      27) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28) телефон қосылыстары қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі – қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) – байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіжолды оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефон қосылысының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;

      29) терминал – абонент (пайдаланушы) берген ақпаратты байланыс арналары бойынша беру және (немесе) қабылдау үшін электр байланысы дабылын қалыптастыратын, абоненттік желіге қосылатын түпкілікті жабдық;

      30) терминалдарды қосудың қосарланған схемасы – екі терминалды бір абоненттік желіге қосу тәсілі, бұл кезде осы екі терминал үшін оларды бір уақытта байланыстыру мүмкін емес;

      31) трафик – байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен дабылдар легі;

      32) үкіметтік байланыс – мемлекетті басқару қажеттілігі үшін арнайы қорғалған байланыс;

      33) ірі апат – сыйымдылығы 100 және одан да көп абоненттік желіжолдардан тұратын байланыс желілерінің немесе коммутациялық жабдықтардың зақымдануы;

      34) тариф – белгілі бір байланыс қызметтерін көрсетуге байланыс операторымен белгілеген төлем;

      35) тарифтік жоспар – байланыс қызметтері тізбесі мен құнын, оларды көрсету ерекшеліктері мен тарифтеуді айқындайтын, байланыс операторы абоненттерге, немесе абоненттердің белгілі бір тобына, немесе белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстар жиынтығы;

      36) техникалық мүмкіндік – абонентке байланыс қызметтерін көрсетуге қажетті, телекоммуникация желісі қолданыстағы аймақта жұмыс істейтін техникалық құралдар мен құрылыстардың болуы (нөмірлер ресурстарының абоненттік байланыс желілері).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында мемлекеттік органдардың сәйкес, үкіметтік байланысты қоспағанда кез келген желілер мен байланыс құралдарын басымды пайдалануға, сондай-ақ жұмыстарын тоқтата тұруға құқығы бар.

      5. Телефон байланысы қызметтерін көрсету кезінде туындайтын байланыс операторының абоненттермен өзара қарым-қатынасы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен осы құқықты шектеу жағдайларын қоспағанда, телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын телефон сөйлесулерінің, сондай-ақ олар туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.

      7. Телефон байланысы қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес байланыс операторы мен абонент арасында жасалатын телефондық байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде көрсетіледі.

2-тарау. Телефон байланысы қызметтерін көрсету тәртібі



      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мыналар:

      1) жергілікті телефон байланысы қызметтері;

      2) аймақтық және қалааралық телефон байланысы қызметтері;

      3) халықаралық телефон байланысы қызметтері телефон байланысы қызметтері болып табылады.

      Телефон байланысы қызметтері абоненттік құрылғылардан немесе таксофоннан жергілікті, аймақтық, қалааралық және халықаралық телефон қосылуларын, сондай-ақ басқа да байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен қосылуларын жүзеге асыру мүмкіндігінің ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      9. Телефон байланысы қызметтері барлық санаттағы абоненттерге және пайдаланушыларға тең жағдайда көрсетіледі.

      10. Байланыс операторының абонентке телефон байланысы қызметін көрсеткенде оған өзге ақылы қызметтерін күштеп жүктеуге жол берілмейді.

      11. Абонент:

      1) егер ол жеке тұлға болып табылса, төлем қыбылдау жүйелер енгізілген қалаларда техникалық мүмкіндік болған жағдайда қызметке ақы төлеудің абоненттік, уақытпен есепке алу немесе аралас жүйесін таңдайды;

      2) телефон байланысы қызметін рұқсат етілген жүктемелер шегінде өзіне қажет көлемде, оларды өтініші бойынша қоса отырып, пайдаланады;

      3) байланыс операторында техникалық мүмкіндік болғанда, қалааралық, халықаралық телефон қосылыстарына немесе ұялы байланыс операторларының желісіне қосылыстарға жазбаша өтініш беру арқылы лимит қоя алады;

      4) абоненттің кінәсінен емес байланыстың болмаған кезеңінде, телефон желілеріндегі авариялар кезінде төленген телефон байланысы қызметтері үшін, абоненттің келісімінсіз өзге қосымша қызметтерді көрсеткені үшін төлемдерді қайта есептеуді жазбаша талап етеді;

      5) Заңның 20-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Тізімге (бұдан әрі – Тізім) сай шұғыл жедел қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады;

      6) бұл туралы байланыс операторына жазбаша хабарлап және оған келтірілген шығыстарды төлей отырып, Шартты бір жақты тәртіппен бұзады;

      7) оның нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің абоненттер тізіміне енгізуден жазбаша бас тартады;

      8) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) оған көрсетілген телефон байланысы қызметтері үшін уақтылы және толық көлемде төлем жасайды;

      10) қажет болған жағдайда, байланыс операторы өкілдерінің абоненттік құралдарға және байланыс құралдары орналасқан үйжайлар мен аумақтарға, оларды тексеру, жөндеу және техникалық қызме көрсету мен жаңғырту үшін қол жеткізу мүмкіндігін береді;

      11) байланыс операторына айлық мерзімде телефондандырылған үйжайларды сататыны туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгертетіні туралы, мекенжайын өзгертетіні туралы хабарлайды;

      12) өзінің орынжайында абоненттік желіжолды және терминалды жарамды жай-күйде күтіп ұстайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2018 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Байланыс операторы:

      1) телефон байланысы қызметін төлеу бойынша жеңілдіктерді жоғалту немесе оның бар кезінде абонентке телефон байланысы қызметтерінің құнына қайта есеп айырысуды жүргізеді;

      2) абонент телефон желісіне қосылу құнын төлегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде абоненттік терминал нөмірін бере отырып немесе Шарт жасалғаннан кейін абонентпен уағдаласып, телефон желісіне қосылу құнын көрсетілген қызметтердің жалпы есебіне қоса отырып, телефон байланысы қызметтерін көрсетуді бастайды;

      3) көрсетілетін телефон байланысы қызметтерінің сапасы мен санына есеп пен бақылау жүргізеді, бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      4) есеп құралдарына техникалық күтім жасау және тексеру жүргізеді;

      5) абонент телефон байланысы қызметінің сапасы нашарлағаны туралы өтінішті берген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапасын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды және абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді;

      6) абоненттің өтініші бойынша стансалық және желіжолдық зақымдануды жояды;

      7) көрсетілген телефон байланысы қызметтері үшін айына бір рет шот ұсынады;

      8) абоненттің кінәсінен емес байланыс қызметтерін көрсету тоқтатыла тұрған жағдайда, қызмет көсрету тоқтатыла тұрған кезеңіне барабар абоненттік төлем алынбайды.

      Абоненттің абоненттік төлемді уақтылы төлемегеннен туындаған байланыс қызметтерінің көрсетілуі тоқтатыла тұрған жағдайда байланыс операторы тоқтатыла тұрған кезеңге абоненттік төлемнің отыз пайызынан артық емес соманы ала отырып, абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізеді.

      9) абонентке телефон желілеріндегі авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжамды мерзімі туралы хабарлайды;

      10) абонентке абоненттік нөмірді алмастыру туралы және (немесе) себептерін көрсете отырып, терминалды ажырату туралы 30 күнтізбеліқ күн бұрын қолжетімді тәсілмен хабардар етеді;

      11) абоненттің келісімі бойынша оларды қолданысқа енгізгенге дейін 30 күнтізбеліқ күннен кешіктірмей бұл туралы оған хабардар ете отырып, байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің шарттарын өзгертеді;

      12) уақытында ақысын төлемегені үшін ажыратылған телефон байланысы қызметтеріне қолжетімділікті берешекті өтеген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қайта іске қосады;

      13) абоненттің талабы бойынша оған телефон байланысы қызметтерін көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынады;

      14) абоненттерге телефонды байланыс қызметтеріне акциялық тарифтік жоспарларды ұсынады және абоненттердің келісімі бойынша қолданады.

      15) телекоммуникация қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді. Төлеу түрін және нысанын байланыс операторы белгілейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.11.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104) және құтқару (112) қызметтерді шақыру пайдаланушылар үшін Тізімге сәйкес тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірлермен байланысты ажыратып тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.10.2018 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Байланыс операторларының сот шешімі болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) үкіметтік байланыс қызметтерін, Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарына байланыс қызметтерін көрсетуді ажыратпайды.

      15. Байланыс операторымен телефонды байланыс қызметтерін көрсету кезінде, өзге де қызметтерді алу шарттарын орындамаған жағдайда, абоненттің/пайдаланушылардың құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

      16. Жеке немесе заңды тұлғалармен Шартқа отыруға техникалық мүмкіндіктің болмауы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқалай көзделмесе, өтінішті кешірек берген және техникалық мүмкіндігі бар басқа үйлер мен кіреберістерде (подъезд) тұратын, жеке немесе заңды тұлғалармен Шарт жасасуға кедергі етпейді.

      17. Байланыс операторының әрекет ету аймағында (осы жергілікті телекоммуникация желісінің шеңберінде) абоненттің мекенжайы өзгерген жағдайда, оның өтініші бойынша және техникалық мүмкіндік болғанда Шарт бұрын бөлінген абоненттік нөмірді (нөмірлерді) пайдаланумен қайта рәсімделеді немесе жаңа нөмір (нөмірлер) беріледі. Жаңа мекенжай бойынша көрсетілген Шарт орындау үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, абонент телефон орнату кезегіне қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет