Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімді орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек маман-дықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалар-мен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерен және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б.
Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмідегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу – ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі – баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс -әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттардың, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапалары тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс - әрекет құру, осы іс -әрекет барысында балаларға (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың бастауыш ұжымдар деп атайды.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор. Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі. Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады..
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады. [1, 5 б.]
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген. Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды. Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады.. Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді. Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін.
Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар ұжымында дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады. Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді. [2, 9 б.]
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше. Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. [3, б. 12]. Сонда бала… өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі». Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе сынып тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі.
Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Лазарев В.С. «Проблемы модели психического развития в теории деятельности» /144б./1999
2. Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочинения /В.А.Сухомлинский М.:Просвещение,1980/
3. Бабаян А.В. О нравственности и нравственном воспитании /А.В.Бабаян / Педагогика – 2055 - № 2
Достарыңызбен бөлісу: |