Ұжымдық оқыту
технологиясы
Дайындаған: Бахыт Жанайым
Тексерген: Тлеубергенова Кенжекей
Ұжымдық оқыту
Әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызатын әдіс болып табылады. Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен әдіскер-мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған.
Ұжымдық оқытудың басты белгілері
- әр баланың қабілетін, дарынын дамыту;
- ұжымдағы әрбір мүшені оқыту;
- оқушылардың ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы;
- тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершіліктің артуына көмектеседі.
Ұжымдық оқытудың
жұптық тәсілі
Тұрақты жұп
Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім қызметінде іс - әрекет жасайды.
Өзгеріп, ауысып отыратын жұп
Бір тапсырманы 4 бала 4 бөлімге бөліп алып орындайды. әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын 3 рет қайталап айтады. Әр баланың түсіндіруі 3 түрлі деңгейде болуы мүмкін.
Вариациялық жұп (ерекше жұп)
Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де, бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді.
Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары
Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды, ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды.
Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптарды сараптайды, саралайды.
Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі.
Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында бақылау жұмысы жүргізіледі.
I
II
III
IV
V
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған. Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді. Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады. Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме бір бал – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады. Сабақ барысында әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырп жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді.
Өзара жаттығу әдістемесі – жаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі барлық оқушының үнемі жұмыс істеуін талап етеді, жұппен жұмыс істеуде зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады. Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі. Оқушылар өз жұптасына түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады. Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек.
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Пікір сұрау әдістемесі барлық оқушының сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақта да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді.
Топта жұмыс істеп болғаннан кейін ортақ талқылау өтеді. Осылайша, сабақтың өн бойында мұғалім оқушыларды қызықтыратын мәселер жөнінде ақпарат ала алады. Сондай-ақ, Оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Мәтінді абзац бойынша бөліп оқыту әдістемесі. Баспа мақалалар мен ғылыми мәтіндерді ауыспалы құрамда жұппен оқып меңгеру үшін құрылған. Бұл әдістеме бойынша әр оқушы өзінің ерекше тақырыбын алады және оны әр жұптағы әр баламен бірігіп орындайды. Жұмыс барлық материал бірінен кейін бірі жүйелі түрде бірінші оқушы тұрғысынан, екінші мұғалім тұрғысынан оқып, талдануға негізделіп ұйымдастырылады.
Топтық оқыту
Оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті, оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті.
Топтық жұмыс - оқушылар берілген тапсырмаларды топ болып орындайды.
Басты тиімділігі:
- пікір алмасуға, ортаға салуға, қорытынды жасауға қатыса алады;
- зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.
Топтық оқыту әдістері
«Миға шабуыл» әдісі
идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі).
топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді
«Қазына іздеу»
мұғалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді
Мозаикалық топтар
мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі.
«Жалғастыр» ойыны
топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |