2.6 Қолданушы нұсқаулығы
Сайтқа кіру үшін міндетті түрде браузерге еніп сайт атауын немесе адресін жазасыз сол арқылы іздеген сайтты тауып оған ақпарат іздеуге мүмкіндік аласыз. (1.5.3-сурет)
1.5.3-сурет.Браузерде сайтты іздеу
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен IV- курс өндірістік-технологиялық тəжірибемді 18 қараша 2019 жыл мен 07 ақпан 2020 жылы аралығында «"Жиенәлi ауылдық округі әкімінiң аппараты" ММ-сiнен» өттім. Тəжірибемді өткен уақытымда, өз мамандығым туралы материалдар жинай отырып, тəжірибе аяқталған соң, танымдық тəжірибенің есебін жаздым.
Өндірістік-технологиялық тәжірибеден өту – оқу бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі болып есептеледі. Әсіресе, тәжірибе арқылы көзбен көріп жасағанда көбірек нәтиже береді. Өндірістік - технологиялық тәжірибе арқылы мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымын анықтадым. Мекемедегі ақпараттық жүйелердің жұмыс жасауына өз үлесімді қоса отырып, өзіме болашақта қажет тәжірибе жинадым. Осы тәжірибем алдағы оқу барысында көмектеседі деп сенемін.
Сонымен осы өндірістік-технологиялық тəжірибеден мен өзімнің білім сапамды көтеру мақсатындағы дайындық жасадым. Мен бұл өндірістік-технологиялық тәжірибе өту барысында теория жүзінде жинаған білімімді, тәжірибе жүзінде ары қарай жетілдіре түстім.Және де қосымша материалдар жинап, оларды іс-тәжірибе кезінде пайдаландым. Қазіргідей əлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу – бүгінгі уақыттағы басты мəселе.
Осы өндірістік-технологиялық іс-тəжірибеден өту арқылы мен болашақта өз мамандығым бойынша білікті маман болу үшін өзіме біраз тəжірибе жинақтадым деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |