Жыланкөздік пиокольпос кезінде зәр жіті кідірсе немесе ірің болса урологиялық зерттеу жүргізу.
Жыланкөздік пиокольпос кезінде зәр жіті кідірсе немесе ірің болса урологиялық зерттеу жүргізу.
Қынап бітелуі кезінде іштің төменгі бөлігіндегі жіті ауырсыну сезімімен байланысты гематокольпосты жиі ашады және оның ішіндегісін эвакуациялайды,вагинопластика жасамайды.
Хирургиялық операция тік ішекті,қуықты,уретраны зақымдау қаупі жоғары болуымен байланысты және пиокольпостың,пиометрдің және перитониттің дамуына әкелуі мүмкін.
ГЕМАТОКОЛЬПОСТЫ босату үшін шұғыл көрсетілімдер жоқ.
Жыныс жолдарының ауру сезімін басатын Баралгин,Максиган қолдануға болады.
Операцияны етеккір аралық кезеңде жасаған дұрыс.
Емі
Хирургиялық емнің міндеті:етеккір бөліндісінің шығуы үшін кедергіні шеттету,жатыр мойны мен қынаптың өткізгіштігін қалпына келтіру,анатомиялық құрылымдарды сақтау және қынаптың жеткіліксіз бөліктерін реконструкциялау.
Қыздық перде атрезиясы кезінде оперативті ем
Жалпы жансыздандыру арқылы жүргізіледі
Қыздық пердені крест тәрізді тілу
Гемостаз жүргізу мақсатында гематокольпостың ішіндегісін эвакуациялағаннан кейін,қынапқа тампон қояды да,оны 1 тәуліктен кейін алып тастайды.
Одан кейің 5-7күн қынапты сутектің 3%ерітіндісімен немесе антисептиктермен тазалаймыз.
Қынаптың 1немесе 2 бөліктерінің аплазиясы кезінде оны реконструкциялау
Жергілікті тіндер арқылы жүргізүлу қажет
Пластикалық материалдар (кіші көлемдегі гематокольпос,қынап бөлінділерінің арасындағы үлкен диастаз)айқын жеткіліксіз болса операцияны кейінге қалдыру керек және қосымша пластикалық ресурстарды тарту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Тіндік жеткіліксіздіктің орнын толтыру үшін іншектің төменгі бөлігін жасанды тарту керек.демек алдағы етеккір кезіндн гематокольпос үлкейед,ол тіндерді кереді.
Қынаптың дистальдық бөлігін 2-4 етеккір циклі аралығында құрамында қынап пен сыртқы жыныстық ағза тіндерінің пластикалық қабілетін жақсартатын эстроген бар жақпамайды қолдана отырып №19-24 Гегар кеңейткіштерімен созады.
Қынап пластикасын тіндерді сақтай отырып,атравматикалық инертті материалды,кең қоректік негізді параболоид қиындыларды қолдана отырып пластикалық хирургия принциптеріне сәйкес жүргіземіз.