Коньюгация уақытында донор-реципиентке өзінің генетикалық материалын плазмалық көпір көмегімен жартылай бере алады.
Ұрықтану.
Ұрықтану деп – сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылып, нәтижесінде зигота түзілуімен аяқталатын процесті айтады.Ұрықтанудан соң жүретін екі жағдайды атап өту қажет:біріншісі-жұмыртқа клеткасының активтенуі,яғни ары қарай дамуға кірісуі,екіншісі-синкариогамияның жүруі.Бұл гаплоидты аталық және аналық ядролардың қосылуынан диплоидты хромосомалары бар сникарионның түзілуі.Бұдан кейін бөлшектену басталады.
Гаметалар-хромосомалар жиынтығы болып келетін жыныс жасушалары. Олардың екі түрі: аналық және аталық гаметалар болады. Аналық және аталық гаметалардың қосылуы нәтижесінен зигота түзіледі.