Жыр алыбы Жамбыл Мақсаты



бет1/2
Дата16.09.2022
өлшемі27,72 Kb.
#149771
  1   2
Байланысты:
жамбыл


Жыр алыбы - Жамбыл

Мақсаты: Жыр алыбы -Жамбыл акыннын өнегелі өмірін, жас ұрпаққа үлгі ете отырып, XX ғасыр Гомері атанған жыр дүлдүлінің ұлы тұлғасын дәріптеу. Оқушыларды поэзиямен әлеуметтік қоғамдык құбылыстарды көрсете алатынын көркемдік шеберлігінің озық үлгісі екенін түсіндіру. Қайырлы күн, Құрметті оқушылар, ұстаздар! Қазақ халык поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлен сөздің дүлдүлі жырау , жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына - 175 толуына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында өлеңдерінен мәнерлеп оқуга қош келдініздер!
«XX ғасыр Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1946 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек ,көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан сусындап өскен.Он төрт жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен. Жетісу ақындарының алтын діңгегі болған Сүйінбай ақыннан он бес жасында бата алған. Ел ішіндегі әділетсіздік пен келеңсіздіктерді өлеңге қосып, халық құрметіне бөленген. Қабырғасы қатая келе, айтыстарға қатысып, Айқүміс, Бақтыбай, Досмағамбет,Шашубай, Құлмамбет сияқты ірі ақындары жеңіп, Жетісу өңіріне атағы шыққан. Оның даңқы қазақ арасында емес,көршілес қырғыз еліне де танымал болған. Жетісу, Қаратау, Сыр бойы мен қырғыз елін аралап, өнер көрсетіп, өзі де өнеге үйренген. Жамбыл адамгершілік пен ақиқаттың, батырлық пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан. Кезекті өлеңдерін мәнерлеп оқуға береміз.
1- оқушы: Қыдырова Альбина «Алатау»
Тізілген таулары бар Жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін;
Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Карлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып бұлттарменен болған кептес,
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, —
Тулаған, аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шолпып.
Етегі сол таулардың мидай тегіс,
Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Жегізер аямастан түрлі жеміс.
Алатау Жетісумен құшақтасқан,
Еліне қазыналы қойнын ашқан, '
Бауырында Қазақстан астанам бар, —
Бір бауыр орыс-қазақ араласқан.
Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,
Көк майса ойы, қыры бәрі балғын,
Қызығын сол жайлаудың көрсем десең, —
Шөбіне бауырың төсеп жатып алғың.
Ар жағы — еңреген ел Қытай жері,
Бер жағы — ен жайлаған қазақ елі,
Басында бахыт жырлап Жамбыл отыр,
Желбіреп қызыл жалау шығыс белі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет