Жыр алыбы Жамбыл Мақсаты



бет2/2
Дата16.09.2022
өлшемі27,72 Kb.
#149771
1   2
Байланысты:
жамбыл

2- оқушы:Мырзабек Арайлым «Абайдың суреті»
Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —
Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!..

3-оқушы: Бисен Еркебұлан «Ленинградтық өренім!»
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,


Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз


Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...

Арқа тұтып алыста,


Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,

Төккенім жоқ терімді!


Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! —
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;

Саудыратып сүйегін,


Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,

Жолды кернеп қол кетті


Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,

Ұрпаққа үлгі болыңдар,


Заманымның өрнегі!

4-оқушы. Құрбангелді Марина «Елімнің қыздары»
Танадай көзі жайнаған,
Талпына қанат талмаған.

Қуанышты қыздарым

Беті қызыл алмадан.

Алтын кірпік, ай қабақ,

Жамалы жарқын айнадан.

Жүрегі қызыл Кремль

Жұлдызындай ойнаған.

Көкте болса көгінде,

Жерде болса жерінде

Қолға алғанын қопарып

Құлшына жеңбей қоймаған

Алатаудың бақытты

Бұлбұлындай сайраған.

Бақ дарыған Отанның,

Қыздарым жерін жайлаған.

Қартайған Жамбыл атаңның

Қыздарымдай жасарған,

Жыры бар сізге арнаған.

Сол жырды енді айтамын,

Қыздарымды көргенде,

Көрген сайын жасарам

Сендермен бірге жүргенде

Төбем көкке тиеді,

Қуана сіздер күлгенде,

Жамбыл желдей есесін
Сендер де бір әскерсіз,
Ел шетіне жау келсе,

Тас-талқанын шығарып,

Жай тасындай қайнаңдар!

5- оқушы: Комит Перизат «Балаларға»
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су—
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Сталин — асқан дана, бабаларың,
Болмайды одан жақын аналарың.
Жайнатқан нұрын төгіп жүрегінің
Барлық ұлт, барлық тұқым балаларын.
Дүниеде барлық жаннан мейірімді ол,
Адамға бақытты өмір көрсеткен жол:
Ойыншық, мынау кітап, қағаздарды
Сендерге әдейі арнап жіберген сол.
Сталин — биік шынар бір бәйтерек,
Тамаша бойы әлемнен асқан ерек,
Гауһардай нұрын құйған сабағымен
Сендерді саясына алған бөлеп.
Күледі сендер күлсең ол да бірге,
Оқы дейд, білім алып, босқа жүрме!
Оқысаң өмір. кілті өз қолыңда
Жайнайды өмір ұқсап бейне гүлге,
Ардақтап есіңе ұста әр пионер!
Сталин — ардақты атаң, шын кемеңгер,
Данасы адамзаттың ақылгөйі
Атасы бар ұланның Сталин ер!
6- оқушы: Рысқұлқызы Диана «Менің өмірім»
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,
Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.
Құлыннан құнанда өрлеп, дөненде өрлеп,
Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.

Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.
Райыттап тана мініп, қозы бақтым, Еңбекті иемденгенде шама келіп

Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,
Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңғыл жолға.

Топ десе, он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалтылдадым.

Еріксіз он сегіз жас мінгізді атқа,
Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.
Бір жағы - қайнап өскен қалың елім,
Бір жағы - атқа мінген бай мен датқа.
Келгенде жеме-жемге, елде қалдым,
Шалшыққа шатылмадым, көлде қалдым.
Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы,
Келмеді сасық, шалшық жерде қалғым.
7-оқушы: Қайратқызы Динара «Қызыл әскерге»
Құрыш күш, жарқылдаған болат семсер
Құралған ауыр күнде қызыләскер,
Жатқанда күн менен түн арпалысып.
Бастаған сені Ленин, Сталин ер.
Ардақты атың шыққан қан майданда,
Атамас атағыңды таңдай бар ма?
Ерік үшін, елің үшін, жерің үшін
Тайсалмай айқастың сен сан майданда.
Советті шаппақ болып келген сұмдар,
Жайқадың, жайын таптың өңшең мұндар.
Сықылды Темірқазық қозғалмас күш,
Ұлы ісің әлемге аян, ақын жырлар!
Жайнаған біздің өмір бейне бір бақ,
Жан-жақтан жалақтаған жау сығалап,
Жасқанбай жасай беред одан елім
Темір қол ел шетінде күзетім сақ.
Алатау бойын әппақ меруерт басқан,
Қазынасы Алтай, Кавказ қойнын ашқан.
Шүйгіген қыран қалқып құздарында
Сен турсың ел күзетіп, тапжылмастан.
Жайқалған, кең даланы егін жапқан,
Маужырап мәуелері нұрға батқан.
Қырымнан қылт еткенде қыран көзін
Сезеді кім болса да, келе жатқан.
Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан,
Ол ісі қанқұмарлық қарғыс атқан.
Малым көп, бақшам жеміс, жер-суым мол,
Бір сүйем тілемейміз жерді жаттан.
Ал егер сұм құзғындар шықса қаптап.
Тимек боп шекараны келсе аттап;
Көтеріп хасиетті туды қолға,
Шығамыз шеру тартып, елді сақтап;
Сен сонда, қызыләскер қайратқа мін!"
Туғызып жау басына қаралы күн.
Қалдырмай сайда санын, құмда ізін,
Талқанда, жер дүниеден жоғалсын сұм?
Сен жауға ұмтылғанда қайраттанып,
Қолына қарт Жамбылың домбыра алып,
Шабады сендерменен бірге ерлерім,
Шалқытып ерлік әнін, майдан жарып
Қорытынды: Жамбыл Жабаев –Ұлы даланың жыршысы екенін, шындықты,замана болмысын жасырмай суреттегенін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы даусымен жырлағандығын осы өлеңдерімен оқырман қауымға жеткізе алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет