Жиренше мен Алдар (I нұсқа)



бет2/4
Дата23.02.2023
өлшемі29,14 Kb.
#169932
1   2   3   4
Байланысты:
жиренше шешен

Жиренше мен Алдар
(II нұсқа)
Жиренше ханның заманында Алдар көсе деген бір пысық болған екен. Ел күндеп, Алдар көсе деген бір қу шықты деп, ханға жамандапты. Бір күні Жиренше хан Алдар көсені шақыртыпты. Алдар көсе жаяу ханға келіпті. Тегінде, Алдар көсенің жаяу жүретін әдеті екен. Алдар көсе үйге кіріп келсе, сәлем берген, хан сәлем алып, қолын басына қойыпты. Сонда Алдар көсе тілін жалаңдатыпты. Ол өйткенде, хан өз құлағын ұстапты, онда Алдар көсе қарнын түртіпті де, қолдарын қусырады. Сонда хан оған басын изеп, их па қылып еді. Алдар көсе керегенің басындағы бір баспақ ділдәсін алып, жүріп кете береді. Сонда жиылып отырған әлеумет:
— Тақсыр-ай, әлгінің алып кеткені не? — депті. Хан:
— Ділдә,—деді.
— Тақсыр! Пендесің деп, өйтіп ділде алған соң сізді, тіпті, құртады, оны қайтып алыңыз, біз алып келіп берелік, — деді де, артынан бір адам қуып келіпті де:
— Мені хан жіберді, «Алдар көсе жер ортасын көрсетіп болмаса, алған ділдәмді қайтарамын» дейді, — депті. Сонда Алдар көсе:
— Жарайды, мен жаяумын, атыңды бере тұр. Атыңа мініп көрсетейін, — деп, атқа мініп алып, жан-жағына қоқырайып қарапты да, жердегі баспағымды әперіңізші, -— деп, баспағын алып, астына қойып, жер ортасы — осы сенің атыңнан айрылған жерің болады, — деп жүріп кетіпті. Бұл қайтып ханға барғанда ел ханнан:
— Хан, сен Алдар көсенің қылысқан іспарларының мәнісін айт, —-деп сұрағанда хан:
— Мен басымды көрсеткенім — басқа бәле қайдан дегенім еді. Ол «Басқа пәле — қызыл тілден»,—деп, тілін жалаңдатты. Құлағымды ұстағанымда, ол құрсағын көрсетіп, құлаққа тиген суық сөз құрсаққа барып, мұз болар, — деп жауап қайтарды. Қолын қусырғаны тілегім бар дегені еді. Оның тілегін бердім. Алтын алып кетті, —депті хан.
Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі
Хан бір күні:
— Осы Жиреншені неғылсақ та, жеңе алмадық, енді осыны бір жеңуге әдіс жасайық, — деп, бір жігітке:
— Сен ертең ертерек біздің үйге келіп отырып, Жиренше үйге кіріп келгенде қатты қылып бір осырдағы үйден шыға жөнел. Сонда мен Жиреншеге «ұста» дейін, сонда не дер екен? — депті.
Ертеңіне жігіт ханның айтқанын істеп, Жиренше үйге кіріп келгенде осырып, тұра жөнеле бергенде хан Жиреншеге «ұста», — депті. Жиренше жігітпен жарыса далаға шығып, біраз кідіріп, есіктен қайта келіпті.
Хан:
— Ұстадың ба? —дегенде, Жиренше:
— Баласы қашып кетті, әкесін ұстап әкелдім, — деп, бір адамның кепкен қу боғын ханның алдына тастай беріпті.
Сонда хан ұялғанынан:
— Мынаған дауа болмас! —деп күліп жіберіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет