Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерииті диагнозы қойылды. Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көніл бөлуі керек?
Артериальді гипертензия
10 жастағы ұл бала сол жақ тізе буыны ауыруы, ісуі, қозғалысының айқын шектелуі, аяқ терісінде көгерулер пайда болғандығына шағымданады. Анасы баласының соңғы айда қызыл иегі көп қанауын, мұрын қанауын байқады. Анамнезінен: әкесі мен тәтесінде жоғары қанағыштық. Қарауда: тері астылық аймаққа «көгерулер» типтес қан құйылулар, сол жақ тізе буыны көлемі үлкейген, оның үстіндегі терісі қызарған және ұстағанда ыстық. ЖҚА: Hb – 100г/л, лейкоцит – 4,6х109/л, тромбоцит – 177х109 /л, ЭТЖ – 25 мм/сағ; ЖЗА – гематурия; Коагулограмма: АЧТВ – 60 сек, ТВ – 15 сек, фибриноген – 3 г/л, ристоцетин-кофакторлық белсенділік – қалыпты; РФ – 7 ХБ/мл, СРБ – 22 мг/мл. Тізе буындары рентгені (фото). Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді?