12 жастағы бала. Шағымдары: қыжыл, кышқыл мен ауамен кекіру, төс артында ауырсыну. Қыжыл тамақтан соң, еңкейгенде, жатканда және физкультура сабақтан соң күшйеді. Объективті түрде: тілі ақшыл өңезделген, төменгі 2/2 азу тістердің кариесі. Пальпация кезінде ішінің эпигастрий аймағында шамалы ауырсынуы. ЭФГДС – өңештің төменгі үштен бір бөлігінде шырыш қабатының айқын гиперемиясы және борпылдақтығы, бірлі-жарым эрозиялар, зонд тиіскен жерінде (контакттілі) қанағыштығы. Уреазалық тест теріс. Бірінші таңдау препараты:
Алмагель
Омепразол
Домперидон
Фамотидин
Сукральфат
Жаңа туған балаға 10 күн. Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде - өкпедегі тыныс әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты, тұрпайы систолалық шу бүкіл жүрек аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бузылу белгілері жоқ. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
Фиброэластоз