ЖІТІ ОРТАҢҒЫ ОТИТ Жіті ортаңғы отит - ортаңғы құлақтың қабынуы. Бала жасында бұл ауру ерекше өтеді.
Этиологиясы. Қоздырғышы:
Стрептококк.
Стафилококк.
Пневмококк және т.б.
Ең жиі инфекция ортаңғы құлаққа Евстахиев түтігі арқылы тыныс алу жолдарына түсуі мүмкін. Инфекция кілегей немесе құсық массаларымен, босану кезінде инфекцияланған ұрық маңы суымен түсуі мүмкін.
Патогенезі: қоздырғыштың әсерінен қызару, ісіну, кілегей қабығының ісінуі жүреді. Осыдан кейін экссудация күшееді. Ол біртіндеп шырышты-іріңді, қанды-іріңді сипатқа айқындайды. Ауыр жағдайда дабыл жарғағының іріңді еруі және тесілуі болуы мүмкін.
Клиникасы: 2 сатысын ажыратады.
Жіті тесілмеген
Жіті іріңді ортаңғы отит
Тесілу кезінде дабыл қуысынан ірің ағу болады, ауру басы кенеттен, тез, өршімелі болады. Негізгі симптомы: құлақтың ауырсынуы, ауырсыну алдымен – піскілеген секілді, кейін атылған сипатта болады, ұстама тәрізді, пульсациялаушы, біртіндеп күшейіп шыдамсыз болады.
Қалыпты ауыстыру жеңілдік бермейді. Ауырсыну қысқа уақытқа басылып, түнде күшееді. Тіске, мойынға берілуі мүмкін. Сонымен қатар естудің төмендеуімен, құлақтың бітелуімен, төбе сүйегі немесе самай аймағының ауырсынуымен жүреді. Дене қызуы 400 С-қа дейін жетуі мүмкін. Науқас әлсіз, ұйқысы бұзылған, тәбеті төмендеген.
Емі: ауырсыну синдромын азайтуға, қоздырғышпен күресуге, қабыну үрдісін азайтуға, естуді қалпына келтіруге рецидивті болдырмауға бағытталады. Төсектік тәртіп, сүтті- өсімдікті диета.
Этиотропты емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау, ыстықты түсіретін препараттар, (дәрілерді жергілікті, ауыр жағдайда пероральды қолданады).
Жергілікті емі: антимикробты, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын заттар қолданылады (софрадекс, этапиридин). Қосымша жылытқыш компресс. Жылы дәкелер, құлақты соллюкс шамымен және УЖЖ аппаратымен қыздыру. Суыққа тиюді болдырмау. Сонымен қатар қызып кетуді болдырмау қажет. Ірің аққан кезде құлақ туалетін жүргізу - құрғақ тампонмен тазалау. Құлаққа 3% сутек тотығын тамызу, есту қуысын дезерітіндімен шаю. Тітіркенудің және екіншілік инфекецияланудың алдын алу үшін теріні өсімдік майымен өндейді. Сыртқы есту қуысына қосымша регенерация үрдістеріне және жазылуды жеделдету үшін препараттар енгізеді. Дабыл жарғағы тесіен кезде құлаққа спиртті тамшыларды тамызуға болмайды, яғни олар қабынған кілегей қабатының тітіркенуін күшейтіп, ауырсыну тудырады және тесілген дабыл жарғағының жазылуын баяулатады.