Экономикалық қиыншылықтар еңбекшілердің жағдайын нашарлатты, жұмыссыздардың санын көбейтті. 1907 жылы басталған әкономикалық дағдарыстың салдарынан және 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық революцияның ықпалымен жаппай стачкалық қозғалыстар өріс алды, кәсіподақтардың қатары жедел өсті. 1900 жылы тред-юниондардың, кәсіподақтар советтерінің, социалдық ұйымдардың және Тәуелсіз жұмысшы партиясының өкілдері Лейборист партиясын (1906 жылға дейін Жұмысшы өкілдігінің комитеті деп аталды) құрды. Алайда жаңа партияның оңшыл басшылары өз саясатын іс жүзінде буржуазия мүддесіне бағындыра білді.
1902 жылы ағылшын-жапон одағы құрылды. 1904 жылы ағылшын-француз келісімін, 1907 жылы орыс-ағылшын келісімін жасау, іс жүзінде Антантаны(Германия-Австрия-Италияның Үштік одағына қарсы ұйымдастырылған Ұлыбритания, Франция және патшалық Россияның соғыс блогы) құруға мүмкіндік берді.
Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары. Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы. 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия, 19 ғасырдың ортасында виг партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы, 1920 жылы негізі қаланды. Тред - юниондардың британдық конгресі, 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі, 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы, 1946 жылы негізі қаланды. СССР-мен мәдени байланыс қоғамы, 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы, 1922 жылы негізі қаланды т. б.