Жж. Англия. Соғыс алдындағы саяси ахуал. 1911 ж. Парламенттік реформа



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі53,65 Kb.
#93121
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ж.з. СРСП
СРСП тақырыптары, ТОА СрСП, id тарих фак паролдарымен (1), Ресурстар, Ресурстар, halқy-zhәne-halyқtyң-tyғyzdyғy, ТЖБ 11-4.0, 7 сынып БЖБ, 7 сынып БЖБ, Презентация Microsoft PowerPoint

1900 -1914 жж. Англия. Соғыс алдындағы саяси ахуал. 1911 ж. Парламенттік реформа.

  • XIX ғ. аяғы – XX басындағы Англияның мемлекеттік құрылысы. Бұл кезеңде саяси жүйеде орын алған өзгерістер ағылшын капитализмінің монополистік сатыға өтуімен байланысты. Өндіріс пен капитал ірі монополиялардың қолында шоғырлана бастады, олар орта және ұсақ компанияларды жұтып отырды. Нәтижесінде кішкене топтың баю және халықтың басым бөлігінің кедейленуі сияқты факторлардың әсерімен таптық күрес күшейе түсті. Осындай тез өзгеріп отыратын экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге парламенттік институттар мен процедуралардың қабілетсіздігі байқалды. Осыған сәйкес Англияның мемлекеттік құрылысында парламент, патша, үкімет және саяси партияларға қатысты өзгерістер болды.
  • Қоғам өміріндегі мемлекеттің рөлі айтарлықтай артты. Бұрындары мемлекет тек «түнгі күзетші» ретінде тек қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын бағдарлап қана отырса, ендігі кезекте мемлекет кейбір салаларды тікелей басқарды, ал кейбіреуін бағыттап отырды. Мемлекеттік функциялардың қатарына жергілікті басқару жүйесін құру, білім беру, газбен, сумен қамтамасыз ету сияқты қызметтер қосылдыү
  • Мемлекеттік билік қауіптерге тез жауап бере алатын және мәселелерді шапшаң шеше алатын атқарушылық органдардың қолында шоғырлана бастады. Парламенттің рөлі уақытша төмендеді. Ол Министрлер кабинетінің шешімдерін заңи түрде бекітетін орган ғана болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет