Жж. Англия. Соғыс алдындағы саяси ахуал. 1911 ж. Парламенттік реформа


Министрлер кабинетінің қауымдар палатасын өзіне бағындыруы. Кабинет қолдамаған билльдер қабылданбады, ал маңызды заң жобалары кабинет отырыстарында пайда болды



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі53,65 Kb.
#93121
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ж.з. СРСП
СРСП тақырыптары, ТОА СрСП, id тарих фак паролдарымен (1), Ресурстар, Ресурстар, halқy-zhәne-halyқtyң-tyғyzdyғy, ТЖБ 11-4.0, 7 сынып БЖБ, 7 сынып БЖБ, Презентация Microsoft PowerPoint

Министрлер кабинетінің қауымдар палатасын өзіне бағындыруы. Кабинет қолдамаған билльдер қабылданбады, ал маңызды заң жобалары кабинет отырыстарында пайда болды.

Үкімет парламенттің қатысуынсыз нормативтік құқықтық актілер шығару құқығын иеленді. Бұл актілер кең тараған өкілендірілген заңнама жүйесін құрады.

Қоғам өмірінің маңызды салаларының көбісі парламент қарауына үкімет қарауына берілді. Осы уақытта сыртқы істер, отарларды басқару және қорғаныс мәселелері парламенттік бақылаудан босады.

  • Бюрократтық аппараттың өсуі және орталықтануы. Бұл уақытта мемлекеттік қызметкерлердің саны 17 мыңнан 281 мыңға дейін өсті.
  • Миниситрлер кабинетінің қауымдар палатасын өз бақылауына алуы «партиялық үкімет» қағидасына сәйкес мүмкін болды. Ұлыбританияның партиялық жүйесі либералды-демократиялық режимнің өзегіне айналды. Егер қауымдар палатасында партиялық көпшілік болса, онда партиялық үкімет ешқандай бақылаусыз қызмет ету мүмкіндігін алады.
    • Парламенттік процедуралар айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Олар бірнеше бағытта жүргізілді:
    • Парламент жұмысының регламентіне өзгерістер енгізілді. Парламенттік талқылау процедурасы шектелді.
    • Бюджет пен басқа да заң жобаларын талқылауда парламент мүшелерін ешқандай өзгерістер енгізе алмады. Бюджеттің кейбір баптары талқылаусыз қабылдануға тиіс болды. Жергілікті жердегі билік жер аристократиясынан буржуазияға өте бастады.
    • Феодализм кезеңінде қалыптасқан сот жүйесінің реформалануы. Бұрындағы болған барлық жоғарғы соттар жойылып оның орнына Жоғарғы сот құрылды және ағылшын құқығының дуализмі жойылды.
    • 1911 ж. Парламенттік реформа. Ағылшын парламентаризмінің доктринасында жоғарғы палата –лордтар палатасы төменгі палата – қауымдар палатасының ессіздігін, разикализмін тежеуші күш ретінде қарастырылады. Өзінің әлеуметтік құрылымы бойынша лордтар палатасы консервативтік идеологияны ұстанатын аристократияның тірегі болды. Қауымдар палатасында консервативтік партия азшылықта қалған уақытта, лордтар палатасы өзінің кері қайтару ветосын қолданып тым либералды заң жобаларын қайтарып тастап отырды. Сонымен бірге, лордтар палатасы тек қауымдар палатасына тиісті қаржылық мәселелерге де араласа бастады. Көп жағдайда либералды кабинетпен біріге отырып қауымдар палатасы қабылдаған заң жобаларын лордтар палатасы қайтарып тастап отырды. Нәтижесінде қоғамда қауымдар палатасы халыққа қарсы қызмет етуде деген ой қалыптасты. Осыған сәйкес 1911 ж. Парламент туралы акт қабылданды.
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет